«Қазақмыс» ЖШС бас директоры Амангелді Миниғұлов өзінің жұмыс кабинетінде отырған кезде жарақат алды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі BaigeNews.kz сайтына сілтеме жасап.
21 қаңтарда сағат 17:50 кезінде корпорация ғимаратының кеңсесінде оқыс жағдай болды. Бас директордың кабинетіне «Кәсіп Қорған» ұйымының төрағасы Тоғызбай Тәжбеков кірген. Сенімді дереккөзі Миниғұловтың арада түсініспеушіліктер көп болуына байланысты оны жұмыстан шығармақ болғаны белгілі болды. Екеуі қызметкерлердің алдында көп сөзге келіп қалатын болған.
Жұмыстан шығару туралы әңгімеден кейін жетекші Миниғұловтың кабинетінен шығып, бірнеше минуттан кейін мылтықпен қайтып келген. Кабинетте оқ атылды. Сенімді дереккөзі оқтың төбеге қарата атылғанын айтты. Осыдан кейін «Кәсіп Қорған» ұйымының төрағасы бас директорды пышақпен жарақаттаған. Артынша ол өзіне пышақ салып, сол жерде көз жұмған.