АҚШ-та әйел мойнына жылан оралған күйінде өлі табылды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 30 қазанда Американың Индиана штатындағы Батл Граунд қаласында орын алды.
Лору Херст есімді әйелдің денесі Бентон округінде Дональд Монсонға тиесілі жерде табылды. 2.4 метрлік бауырымен жорғалаушы әйелдің мойнынан дереу алынып тасталған. Бірақ әйелді аман алып қалу мүмкін болмады.
Facebook-тегі мәліметіне сүйенсек, өлтірілген 36 жастағы әйел екі баланың анасы болған және Лафайеттегі Kirby Risk компаниясында техникалық маман болып жұмыс істеген. Алдын ала болжам бойынша, әйел жыланың кесірінен қаза болды.
«Аутопсия нәтижесін алғанға дейін біз нақты айта алмаймыз», – деді мемлекеттік полиция сержанты Ким Райли.
Полицияның мәліметінше, ол өзінің аймағында 140 жылан өсірген. Онда бірде-бір адам тұрмаған. Херст шамамен 20 жыланға иелік етті және оларға аптасына екі рет келіп тұрды. 2001 жылы Мэнсон директордың шақыруымен жергілікті мектепке барып, оқушыларға төрт метрлік питонды көрсетті. Содан кейін ол өзінің гаражында 52 жылан барын, оны сату үшін асырайтынын айтты.