Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга 2020 жылғы парламент сайлауының қарсаңында мемлекеттегі барлық зейнеткердің несиесін кешірді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Ол мерекелік бейнеүндеуінде зейнет жасындағы азаматтардың кредит бойынша қарызы кешірілетінін мәлімдеді. Есеп бойынша 200 мыңдай борышкердің несиесі кешірілмек. Олар осы күнге дейін ірі сома төлеп жүрген.
«Моңғолияның ұлттық қауіпсіздік кеңесі қарыздан құтылуға көмектесу мақсатында барлық зейнеткердің несиесін өтеп беру туралы шешім қабылдағанын қуана хабарлаймын», – деді Баттулга.