Соңғы кездері әлеуметтік желілерде танымал болған «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабек Ақтөбеде, Талдықарғанда жастармен кездесіп, уағыз соқты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Тоқтар Жақаштың жазбасына сілтеме жасап.
Facebook желісіндегі парақшасында Тоқтар Жақаш «Әскер жинап жүргеннен сау ма?» деген сауал жолдайды. Белгілі болғандай, Тазабек Ақтөбеде Nur Otan кеңсесінде уағыз жүргізген.
«Алдыңғы күні Талдықорғанда, кеше Ақтөбеде жастармен кездесіп, миын «шайып» кетіпті. Бұл соншама не асығыстық? Әскер жинап жүргеннен сау ма дейсің ғой! Жалпы, сектанттарға ашық лекция жүргізуге мемлекеттің қай органы рұқсат беріп отыр, деген сауал қойды», – ол.