Тележүргізуші әрі белсенді Сәуле Әбединованың үстінен «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол көпбалалы аналардан 2 млн теңге алған көрінеді, деп хабарлайды Neonomad.kz SN.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылымның ақпаратынша, тележүргізуші көпбалалы аналарға тезірек үй алып беремін деп, олардан екі млн теңге алған. Кейін аналар алданғанын байқап, полицияға арыз жазған.
Құқық қорғау органдарының инсайдерлік ақпаратынша, қылмыстық істер қазір тіркелуде. Сонымен қатар, арыз-шағымдар әлі де түсуде.
Бұл жайтқа қатысты блогер Құралай Сейтханұлы пікір білдірді. Оның сөзінше, Әбединованың үстінен шағымданған аналардың біреуінің ғана есімі белгілі екен.
Сатқынбекова Ұлжалғас деген әйел «2019-жылдың 31 мамыр күні Тимирязов пен Жароков көшелерінің қиылысында орналасқан Тұрғын үй басқармасы маңында Сәуле мені митингке шығуға үгіттеді. Егер митингке шықсаң саған үй мәселесін шешіп беремін деп айтты. Ондай әйел жайында Сәуле де, мен де ештеңе білмейміз. Енді не істейміз? Қазақтың Ақжүнісі Сәулені қалай құтқарамыз достар?», – деп ашынды Құрал Сейтханұлы.