Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында бейбіт митинг туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Егер бейбіт шерулер заң бұзу мен халықтың мазасын алу мақсатында болмаса, шет жақтан емес, арнайы орын ұсынып, митинг өткізуге рұқсат беру керек. Конституцияға сай емес әрекеттер, бұзақылық акциялар заң аясында тоқтатылады», – деді Президент жолдауында.
Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан еліне алғашқы жолдауын жасап жатыр. Осы орайда, ол өзекті мәселе ретінде зорлық-зомбылыққа деген жазаны күшейту екеніне тоқталды. Толығырақ мына жерден оқыңыз.