Жұртты шулатқан Шырын Нарчаева қыздығын болашақ жарына сақтап жүргенін бөлісті. Сондай-ақ, ол әрдайым салуатты өмір салтын ұстанатынын жеткізді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Oybay Show бағдарламасына сілтеме жасап.
«Күнделікті тұрмыста ішімдік ішпеймін, шылым шекпеймін, түнгі клубтарға бармаймын. Әрдайым үйде отыруға тырысамын. Маған желіде жариялайтын дүниелерімнің өзі жеткілікті», – деді бойжеткен.
Сондай-ақ, ол өмірінде тек бір азаматпен төсектес болғысы келетінін жеткізді. Өскен сайын қыздығымен қоштасқысы келмейтінін айтты.
«Бүгінде қызбын. Сіздерге бір құпияны ашып кетейін. Жасың ұлғайған сайын қыздығыңнан айырылғың келмейді. Шынымды айтсам, мұның қалай жүзеге асатынын да ойлаған емеспін. Оны бір адам үшін ғана сақтап жүрмін. Ол – менің болашақ жарым болса екен. Меніңше, бұл нәрсе тойдан кейін болуы керек. Мен солай болғанын қалаймын», – деді Шырын Нарчаева.
Марқұм әкесінің қабіріне жарты жыл бұрын барған бойжеткен сағынышы әлі күнге дейін басылмағанын айтады. Әкесінен айырылғаннан кейін қатты қиналған екен.
«Әке мен қыз ретінде қарым-қатынасымыз өте жақсы болды. Ол ақылды әрі мықты адам еді. Әрдайым орынды ақыл-кеңес беретін. Әкем көз жұмған кезде өмірімнің тең жартысы өшіп кеткендей күй кештім. Сол сәтте әрі қарай өмір сүрудің не керегі бар екен деп ойладым», – дейді бойжеткен.
Мұнымен қатар, ол жуырда жаңа қырынан танылатынын жеткізді.