Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бүгінгі үкімет отырысында көпбалалы отбасылардың табысына қарамастан, олардың бәріне бірдей 42 500 теңгеден беруді ұсынды, деп хабарлайды Neonomad.kz тілшісі.
Министр мәліметіне сәйкес, елде балалардың 60%-і көпбалалы отбасылардан шыққан.
«Осы орайда көпбалалы отбасылардың қатарынан атаулы әлеуметтік көмек алып отырғандарды шығарып, оларға табысына қарамастан қолдау көрсетуді ұсынып отырмыз. Бұл көпбалалы аналардың беделін мойындайды, олардың материалдық ахуалын көтереді», – дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
Мұнымен қатар, Нұрымбетовтың айтуынша жәрдемақы мөлшере сараланады. Төрт баласы бар отбасылар айына 42 500 теңге алады. Бала саны қаншалықты көп болса, жәрдемақы да соншалықты көбейеді. Ең жоғары жәрдемақы 73 370 теңгені құрайтын болады.
Сурет: inbusiness.kz