18 ақпанда Әндіжан облысы Асакын ауданында блогер Отабек Нуритдиновті спирттік ішімдік сататын дүкен қожайындары аясыз ұрған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Өзбек блогерінің Facebook’тегі парақшада хабарлауынша, бұған оның әлеуметтік желідегі жазбасы себеп болған. Ол мешітке жақын маңда спирттік ішім сататын дүкен туралы жазған.
18 ақпанда блогер Отабек Нуритдинов сот-медициналық сараптамаға жүгінді. Бұл туралы оның анасы Матлюба Курбанова хабарлады.
«Сараптамадан өткен соң, біз облыстық ауруханаға бардық. Сол жерде баламның ернін тікті. Дәрігер маған бес рет жіп жүргізгенін айтты», – деді блогердің анасы.
Аудандық ішкі істер бөлімі бұл оқиғаға қатысты тексеру жүріп жатқанын хабарлады.