Танымал қазақстандық әнші Мақпал Жүнісова шетелге барып демалу үшін қаражаты жетпейтінін айтты, деп хабарлайды Neonomad.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Құдайға шүкір! Мен біреуден әлдеқайда алдыда өмір сүріп жатқан шығармын. Өйткені мен нанның ар жағына да, бер жағына да май жағып жей аламын. Ал біреулер сияқты мен шетелдетіп демала алмаймын. Менің ондай жағдайым жоқ. Ол шынымен солай», – дейді Мақпал Жүнісов
Әншінің сөзінше, туысқандарына қаржылай жәрдем беріп, және өзіне қызмет көрсететін адамдардың еңбегін төлкеумен-ақ тапқан табысы тапшылайды екен.
«Мен шетелдетіп жүрсем, менің туысқандарым, достарым не болады? Шопырлар мен күзетшілерге кім ақша төлейді? Соның бәрін минус, плюс деп қарағанда тәубә. Бірақ, ақшаң көп болса жақсы», – дейді Мақпал Жүнісова.