Танымал әнші Мақпал Жүнісова Алматы әкімдігіне ренжулі екен. Шенеуніктер оны қала күнін атап өтуге шақырмаған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттықа агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы жұлдыз Shownews бағдарламасына берген сұқбатында айтты.
«Алматы күні», «Алматы түні» деген сияқты бір концертіне қатыстырған жоқ. Неге шақырмайтынын кім біледі, мен де білмеймін. Мен бір таяқ ұстап жүрген, жүре алмайды дейтіндей ата-апа емеспін ғой. Ары-бері секіріп, гәстрөлдетіп жүрген адамбыз. Бірақ, мені шақырмайды», – деген әнші назын жеткізді.
«Қанша әкім ауысты. Бір әкім маған «Мақпал, айналайын. Мына қала күніне келіп, маған ән салып бер» деп айтқан жоқ. Шақырмаған жерге мен бармаймын. Мен ренжідім», – деді халық әртісі.
Мақпал Жүнісова келесі жылы Бақытжан Сағынтаевтың командасы оны қатардан қалдырмай, шақырады деп сенеді.
«Жаңадан келген Сағынтаев ағамыз мүмкін басқаша әкім шығар. Ендігі жылы мені шақыратын шығар» ,- дейді әнші.