Ақтөбе тұрғыны Карина Әлиева Instagram желісінде жарақат алған денесінің суретін салып, өзінің полиция майорынан таяқ жегені туралы пост жазды. Оның сөзінше, жәбір көрсеткен адам нашақорлықпен күрес Басқармасы бөлімінің бастығы болып істейді екен, деп хабарлайды Neonomad.kz Диапазон сайтына сілтеме жасап.
«Болған жадай туралы жазайын ба деп бір күн ойландым. Егер полиция қызметкері сені таяқ астына алса, не істеу керек? Қылмысты дәлелдеу мүмкін бе? Жазған арызымды қайда апарамын?», – деп жазды Карина.
Каринаның жазған посты қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. Оқырмандарының кеңесімен ол прокуратура мен өзіндік қауіпсіздік басқармасына арыз жазған. Одан қала берді, жәбір көрдім деген қыз полиция қызметерінің аты-жөні мен суретін жариялады.
«Мен осы жазғандарымның ешқайсысын өшірмеймін. Халық біздің қаламызда не болып жатқанын көрсін. Менің денемдегі жарақат кетеді. Басыма түскен қиындықты жеңемін, менің күшім жетеді оған. Намысым бар. Мен үнсіз қалмаймын!», – деп жазды жәбірленген қыз.
Қыздың қиын жағдайына алаңдаған оқырмандар болған жайт туралы толығырақ жазуын сұрады. Сондықтан-да Карина тікелей эфирге шығып, өзінің прокуратураға барғанын, сот-медициналық сараптама жасалатыны, қалай ұрғаны туралы сұрақтар болғанын айтып берді.
«Бір жарты жылдай жүрген болатынбыз. Кейін оның әйелі телефон шалып, мазамды ала бастады. Екеуміздің бұдан артық жүре алмайтынымызды аттым. Бір аптадай сөйлеспедік. Аяқастынан кезесу керек деді. Егер шықпасам, онда барлығын оятатынын айтты. Мен шықтым. Машинасына отырған сәттен-ақ, ол мені қорлай бастады. Түңгі сағат екіден таңғы алтыға дейін. Қорлады, ұрды, видео түсірді. Тік тұр, көзіме қара деп бұйырды. Бетімнен, басымнан ұрды. Жерге құласам болды, тепкінің астына алды. Егер қарсысына келетіндей сөз айтсам, ұруды қайтадан бастайтын еді. Бірақ мен қашып үлгердім. Қолындағы телефонын алып қаштым. Жалаң аяқ машиналар тұратын тұраққа жүгірдім. Сол жерде тұрған жігіттер менің жағдайымды көріп, үйіме жеткізіп салды. Таңғы 6-да болған оқиға. Ол ізімнен келіп, үйдің маңында түске дейін тосып тұрды. Маманың көлігіне әдейі соқты. :йден шыға алмай қалдым. Сосын оның достары келіп, жағдайды ушықтырмауына кеңес берді. Өзімнің және туғандарымның өміріне алаңдадым. Сондықтан да инстаграмға жазуға мәжбүр болдым. Содан кейін барып мені аңдығанын қойды. Мен полицияға, прокуратураға арыз жаздым. Суд-медэкспертизаға анализ тапсырдым. Нәтижесін күтудемін. Менің ісім бақылауда дейді. Бірақ мен бұл істі жай қалдырмаймын, керек болса ақылы ДНК тапсырамы», – деді тікелей эфирге шыққан қыз.
Жәбірленуші парақшасында Ақтөбе облысының мемлекеттік органдарын атап, оқиғасын жазуды жалғастыруда. Бірақ әзірге мемлекеттік органдардан кері жауап жоқ.
«Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, тексеру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесін қосымша хабарлаймыз», – деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.