Қасым-Жомарт Тоқаевың жарлығымен Анар Жайылғанова Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Neonomad.kz .
Жаңа қызметке тағайындалғаға дейін Анар Жайылғанова ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
Ол 1969 жылы Семейде дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің түлегі.
Көп жылдар сот жүйесінде қызмет атқарған, әділет министрлігінің сот жүйесін жетілдіру және талдау басқармасының басшысы, Жоғарғы соттың судьясы болған. ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі.
2016 жылдан бастап ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.