Президент әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев бас бостандығынан айыру жазасын шартты мерзімге ауыстыру туралы өтініш берді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Нұр-Сұлтан сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының 2019 жылғы 4 қыркүйектегі шешімімен сотталушының мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініші қабылданбады», – деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, 2017 жылы Президент әкімшілігінде лауазымды қызмет атқаратын екі басшыға қызмет бабын асыра пайдалану және мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау, тарату, жариялау баптары бойынша айып тағылған болатын.
Майлыбаев кінәлі деп танылып, бес жылға сотталған. Сонымен қатар, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік органдардағы лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылған.