«Мемлекетке опасыздық жасады» деп 10 жылға бас бостандығынан айырылған қытайтанушы азаматтығынан айырылды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
«Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Константин Сыроежкин мемлекетке опасыздық жасады деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сот оны Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырды», – деп хабарлады сот.
Константин Сыроежкин жазасын арнайы режімдегі қауіпсіздігі жоғары колонияда өтейді.
«Қылмыстық кодекстің 51-бабының негізінде негізгі жазаны өтегеннен кейін Константин Сыроежкиннің бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне тыйым салынып, Қазақстан Республикасынан мәжбүрлі түрде шығарылады», – деді баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша соты Константин Сыроежкинді қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлімі «Мемлекетке опасыздық жасау» бойынша кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды.