Мексиканың Куатемок қаласының мэрі қалалық мекемеде қызмет ететін шенділердің қарапайым халыққа қалай қызмет көрсететінін өз көзімен тексеріп көрді, деп хабарлайды Neonomad.kz «Российская газета» сайтына сілтеме жасап.
Қала мэры Карлос Тена қол астындағыларды тексеру үшін бетіне грим жасатып, мүгедек арбасына отырады. Сөйтіп көмек сұрауға көшеге шығады. Бірақ эксперимент нәтижесі көңіл қуантпайды. Мүгедек жанды біреулері қуса, екіншілері елмеген. Тіпті кемсіткен мемлекеттік қызметкерлер де болған.

Тенаның журналистерге берген мәліметінше, эксперимент екі ай бойы жоспарланған. Өйткені қала азаматтарынан түсетін шағымдар мен қоластындағы шенеуніктердің баяндамалары үйлеспеген. «Кімге сенерімді білмей қалдым. Шағымданатын азаматтарға ма немесе әріптестеріме, сондықтан өзім тексеріп көруді шештім», – дейді мэр.
Экспериментін қала басшысы әлеуметтік даму басқармасынан бастаған. Ол азық-түлік көмегіне ресми сұраныс беру үшін мекемеге келгенде, мүгедекке ешқандай көмек көрсетпей, «өз еріншектігінен өздері шаршаған» қызметкерлерді кездестіреді. Құжат рәсімдеуде көмек көрсеткісі келген бірде-бір шенді болмаған. Тек бір ғана қызметкер бомжға талғажау берген.
Әлеуметтік даму басқармасынан шығып «мүгедек жан» қалалық әкімдікке барады. Бірақ онда да жағдай мәз емес. Қоластындағылар арбамен жүретін мүгедектерге арналған лифтінің кілтін таба алмайды. Сондықтан ол ішке ұзақ уақыт бойы кіре алмайды. Тенаның сөзінше, мэрия ғимаратында үйсізден тезірек құтылуға тырысқан. «Тіпті су ұсынбады», – дейді ол.
«Сол кезде мен мемлекеттен жалақы алып отырған осы қызметкерлер азаматтармен соншалықты нашар қарым-қатынаста екендігін сезіндім. Кейін жиын барысында мен барлығын айтып салдым. Азаматтардың шағымдары рас екенін еске салдым. Енді адамдарға мұндай қарым-қатынасқа жол бермеймін», – деп қорытындылады Карлос Тена.