Сәрсенбі, Желтоқсан 11, 2019
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам Дін

Меккеге 100 рет барған қазақ: Маған пайғамбардың ұрпақтары таңқалды!

Қараша 8, 2019
Дін, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Меккеге 100 рет барған қазақ: Маған пайғамбардың ұрпақтары таңқалды!
Поделиться на Facebook

Әлеуметтік желіде жұртты шулатқан Амангелді қажы Еренғайыпұлы Меккеге 100 рет барып келуінің құрметіне дүркіретіп той жасаған болатын. Осы орайда, ол өзіне, тіпті, Мұхаммед пайғамбардың тікелей ұрпақтарының таңғалғанын жасырмады. Сондай-ақ, ол осы тойға қанша шығын кеткеніне тоқталды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі «Адырна» ұлттық басылымына сілтеме жасап.

– Сіз Мекке мен Мәдинеге 100 рет барғаныңызды қалай есептедіңіз?

Үш келіншекті зорлап, өлтірген 3 ағайындының бірі түрмеден видеоүндеу жолдады

Аграрлық ЖОО-ның түлектері ауылдарда жұмыс істеуге міндеттеледі

– Егер біреу сұраса қанша рет бардың деп білмеймін, мөлшермен 50 рет бардым, 60 рет бардым деп айта беретін едім. 1999 жылы жанұялы болдым. Квартирант болып жүрдік. 2001 жылы екі бөлмелі үйге қолымыз жетті. Сол 2001 жылы Нұрислам деген ұлым дүниеге келді. Екі-үш айдан кейін үйіміз бар, квартирант емеспіз, компьютерге қолымыз жетті. Сол компьютерге бір файлды Нұрислам деп ашып, барған сапарларымды жаза бастадым. Баламның атынан сол файлға «папа қажылыққа кетті, папа мына күні оралды» деп жазып отырдым. Содан бір күні ой келді, мен неге нешінші рет бара жатқанымды жазып отырмаймын деген. «Папа тоғызыншы рет кетті, папа оныншы рет келді » деп жазып отырдым. Сол жазуды мен әлі күнге жазып келе жатырмын. Сол жазу арқылы неше сапар қылғанымды білдім.

– Ал той жасау туралы шешім қайдан шықты?

– 98-ші сапар қылғанда Қадір түнін қарсы алдық. Сол кезде пәтуә бөлімінің меңгерушісі шейх Сансызбай Құрбанұлы Египетте бірге оқығанбыз, сол кезде бірге тәуәп қылып жүрміз, мен сұрадым «шейх Сансызбай сен пәтуә бөлімінің меңгерушісісің ғой, мынау менің 98 сапарым. Үлкен қажылықтың алдында бір келіп-кетуім мүмкін. ол 99 сапарым болады. Одан кейін үлкен қажылыққа келемін. Ол, 100-ші сапарым болады. 100 сапар жасағаннан кейін Аллаға шүкір деп атап өткім келеді. Осыны қылайын ба? Қылмайын ба? Маған пәтуә беріңіздер» дедім.
Шейх Сансызбай маған айтты «Имам Ағзамның өмірін оқығансың ба?

– Иә, оқығанмын»

– Онда неше рет қажылыққа барған деп жазылған? Имам Ағзам Иракта тұрды ғой Бағдатта. «Онда 40 рет қажылыққа барған деп жазылған» деп жауап бердім.

– Онда өзің ойлашы Имам Ағзам егер біреуге 40 рет бардым деп айтпаса, жұрт оны қайдан біледі?» деді. Мен ойланып қалдым. Содан кейін 3 тамыз күні үлкен қажылыққа ұштық. Арафатта тұрған кезде Алладан сұрадым, «Я Раббым Алла 100 рет мені шақырдың. Егер менің қажылықтарымды қабыл еткен болсаң маған бір белгі берші» дедім. Сонда 47 градус ыстық. Бесін намаздан кейін аспанды бұлт торлады да, жаңбыр шелектеп құйды. Сонда менің 22-ші мәрте Арафатта тұруым екен. Сонда мен 22 рет Арафатқа барып тұрып бірінші рет Арафатта жаңбыр жауғанын көрдім. Минада жауғанын көрдім, Қағбада жауғанын көрдім. Арафатта жауғанын сонда көрдім. Алла менің тілегімді қабыл етті деген маған сонда ой келді. Мені Алла 100 рет шақырды. Мен неге Аллаға шүкір деген шүкіршілік қуанышымды атап өтпеске деген ой келді. Елге келгеннен кейін шейхтармен ақылдасып, олардың да уақытына қарап 2-ші қарашада атап өтейін деп шештік. 21-ші қазан күні мен 5 ұлдан кейін қызды болдым. Сол себепті тойым «Аллаға шүкір» және «Шүкір» деп атадық. Елдің бәрі 100 рет қажылыққа барыпты деп жатыр ғой, Мекке-Мәдинеге 100 сапар деп атадық. Сонда менің жасаған 100 сапарымның 22 үлкен қажылық, 78 умра, яғни кіші қажылық.
Кейбіреуі айтып жатыр, ертең біреуі шығуы мүмкін 50 жыл намаз оқығанын тойлаймын, 40 жыл Ораза ұстағанын тойлаймын деп. Онымен бұны салыстыруға болмайды. Ораза, намазды кез-келген адам ұстауы мүмкін. Ал, қажылыққа кез-келген адам бара алмайды. Қажылыққа тек Алла шақырған адам барады.

– Сіз «Нұр-Қазақстан» қажылық компаниясының басшысысыз. Компания қай жылы құрылды?

– 2007 жылы құрылды. Мен өзім 1998 жылы оқу бітіріп келгеннен бастап осы қажылықпен айналыстық. 1998 жылы Сауд арабиясының шақыруымен 220 адам тегін қажылыққа барып келдік. Солардың жолын ұйымдастырып, апарып алып келдік. 1999 250 адамды тағы да шақырды. 2001 жылы «Спутник» туристік компаниясының қажылық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істедім. Ол кезде басқа компания жоқ. Бес жыл бойы бүкіл Қазақстанның қажыларына біз қызмет еттік. Тәжірибе жинап, 2007 жылы өз компаниямды аштым.

– Осы 12 жылдың ішінде қанша адам апардыңыз?

– Мен 1996 жылы бірінші рет апардым ғой. Содан бастап есептеймін. Осы күнге дейін 16 мыңға жуық адамды қажылыққа апардым.

– Айына қанша адам апарасыз?

– Орта есеппен 40-50 адам

– Қажылықтың бағасы қанша?

– Кіші қажылық 1000 доллардан басталады. Ал, үлкен қажылық биыл 4800-5000 долларға шықты.

– Қазақстанға қажылықпен қамтамасыз ететін ресми неше компания бар?

– Діни басқарма бекіткен осындай 18 компания жұмыс істейді.

– Сіз қажылыққа апарып жүргенде 10 рет, 20 рет барып жүрген қажылар бар ма?

– Мен адам апарғанда қарап жүремін ғой, сонда байқағаным көбісі бұрыннан барып жүргендер. 100 адам апарсақ соның жетпісі бұрыннан барып жүр.

– Қайта-қайта қажылыққа бармай-ақ, сол бір үлкен қажылыққа, бір кіші қажылыққа барып келіп, қалған қаржыға ауылына мектеп, балабақша салып берсе. Жолын жөндеп, су тартып берсе сауапты іс болмас па еді?

– Негізі қажылыққа кім барады? Ақшасы бар адамдар. Алла кімге қажылықты парыз қылды? Ақшасы бар адамға. Ақшасы жоқ адамға қажылық парыз емес. Кезінде Алла Тағала Ибрахим мен баласы Исмаилге Қағбаны салып болғанда, «енді адамдарды Қағбаға шақыр. Қажылыққа келсін» деді. Сонда Ибрахим пайғамбар «Я Раббым Алла мына Мекке халқын шақыр десең дауысым жетеді. Бірақ, бүкіл әлемге менің даусым жетпейді ғой» деді. Сонда Алла Тағала «Ей, Ибрахим, шақырту сенен. Естірту менен» деді. Сөйтіп Ибрахимның шақырған дауысын Алла Тағала бүкіл жер бетіне естіртіпті. Бірақ, кейбір адамдар неге қайта-қайта бара береді деген сұрақтар туындауы мүмкін. Мысалы, Сіз бір рет барып келдіңіз. Мойныңыздан парыз түсті. арада бір-екі жылдан кейін Алла жүрегіңізге салуы мүмкін. Сені өсіріп тәрбиелеген әке-шешең, ата-әжеңнің атынан неге бармайсың деп. Бұны бәдәл қажылық дейді. Оған шариғат рұқсат береді. Мен білетін қажылар бар, ауылына су тартып, свет тартып, жол салып беріп жатқан. Мешіт, медресе салып берген қажылар бар.

– Тойыңыз әлемжеліде осынша шу болады деп ойлаған жоқсыз ба?

– Олай болады деген ой үш ұйықтасам түсіме кірген жоқ. Мен ақшасы асып-тасыған адам емеспін. Менің бар байлығым осы 16 мың қажым. Біз бұл тойды өткізгендегі мақсатымыз не? Біз Аллаға шүкір қылып, осы тойды жасадық. шет елдерден қонақтар шақырдық. Мысалы, қасиетті Меккеден пайғамбарымыздың 44-ші ұрпағы шейх турки Әш-Шәриф келді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.)-ның тікелей ұрпағы Хасаннан тарайтын Сауд Арабиясындағы ресми ұрпағы. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.)-ның Құдыс қаласындағы Палестина өлкесіндегі ресми ұрпағы Шейх Мәзин Әш-Шәриф келді. Доктор Ато Әс Сибати келді. Ондай кісілер менің тойыма не үшін келді? Менің 100 пайғамбардың басына зиярат еткеніме таңқалып келді. Біз оларға нағыз қазақтың тойын көрсетік. Тазы, бүркіт, сұңқаларымызды көрсеттік. Тойда дәстүрлі және рухани әндер орындалды. Осы той арқылы қазақтың мәдениетін, салт-дәстүрімізді көрсеттік. Әлі күнге тамсанып, ризашылықтарын білдіруде. Төрт жүзге жуық қонақ шақырдым. 80 пайыз қонақтарым қажыларым, 15-20 пайыз туыстарым болды.

– Түркістанға барып зиярат ету арқылы кіші қажылық өтеуге болады деп жүр ғой?

– Ол сөз Совет Үкіметінің кезінде болды. Неге ол сөз айтылды? Сіз Түркістанға 1 рет емес, 100 рет, 1000 рет барсаңызда шариғат бойынша кіші қажылықты өтей алмайсыз. Ол зиярат орыны. Мекке, Қағба ол қажылық қабылданатын орын. Қажылық орындалатын бір-ақ орын ол Әл-Харам мешіті. Біздің бабаларымыз Совет үкіметінде дінге қысым уақытында дінді ұмытпасын, Қожа Ахмет Яссауидің басын зиярат ету арқылы дінді ұмытпасын, Түркістанды ұмытпасын деп айтты деп ойлаймын. Әйтпесе, кез-келген намазхан адам біледі, Түркістан ол қажылық орыны емес екенін. Кезінде қажылыққа аттанатын бабаларымыз Түркістанға жиналады екен. Сол жерден бата алып, Меккеге аттанады екен. Қазір Түркістан рухани қаламыз ғой. Ертең аэропорт ашылып, халықаралық реис ашылса біз де қажылыққа Түркістаннан бабаларымыз секілді бата алып аттансақ деген ойым бар. Әйтпесе, пайғамбарымыз да қабірді зиярат етіңдер, ахиретті еске алу үшін дейді. Шариғат та зиярат етуді теріс демейді.

– Сіз арабтардың менталитетін жақсы білесіз. Хиджап арабтың ұлттық киімі ме? Әлде, діни киім бе?

– Хиджаб арабта Ислам келгенге шейін болған. Арабия өте ыстық, құмды өңір. Әйелдер беттерін күн қақтап, қап-қара болып кетпес үшін беттерін жауып жүрген. Шариғат әурет жеріңді жап дегенмен, тұмшаланып алма деген. Соны кейбір бауырларымыз дұрыс түсінбей арабтың киімі, исламның киімі деп,әйелдерін тұмшалап тастаған. Қап-қара қылып орап қойған. Мектеп оқитын оқушыларына дейін хиджап кигізіп қойған.

– Неше әйеліңіз бар?

– Бір әйелім бар. Содан 5 ұл, 1 қыз сүйіп отырмын. Сұрағыңның төркінін түсініп отырмын. Екі-үш әйел алу үшін мемлекет шариғат заңымен жүру керек. Ал, біз зайырлы қоғамбыз. Қоғам түсінбейді. Кей қажыларым келіп сұрайды, «тағы әйел алсақ қалай болады?» деп. Екі-үш әйелді 30-40 жасыңда ал. Ертерек. Елуге келгеніңде әйел алып емес, немере бағып отыратын уақытың.

– Туған жеріңіз?

– Торғай облысы, Амангелді ауданы.

– Қажылыққа адам апарам, қажы боламын деген ой бала кезіңізде болды ма?

– Бала кезімде әкем Еренғайып Торғай облысы, Амангелді ауданында «Тың шұғыласы» газетінің редакторы болды. Журналист әкем 3-4 оқитын кезімде айтатын «Мен сені Бұхарада діни оқу оқытамын» деп. Мен қуанатынмын. 8-9 оқығанымда төте жазуды үйретті. Өзімді араб тілінің маманындай сезінетінмін. 10 бітірген кезде әкеме айттым, «Бұхараға бармаймын» деп. Діни оқу дегеннен кейін шошимыз ғой. Сосын мені ҚАЗГУге шығыстану факультетіне алып келді. Бірақ, түсе алмадым. Әкем келесі жылы алып келемін деді. Келесі жылы әскерге шақырту келді. әкем әскерден де алып қалмақшы болды. Мен көнбей әскерге кеттім. Әскерден келген соң әкем айтты, «мына Меркіде діни медресе ашылыпты. Соған Жамбылға барсаң қалай болады» деді. Мен ойланайын дедім. Әлі есімде, түс көрдім. Түсімде маған қанат бітіп, бір үлкен мұнараны айналып ұшып жүрмін. Мұнараның ортасында бес саусақтың ізі тұр. Кім сол бес саусаққа саусағын тигізеді, сол қажы болады екен. Мен айналып жүріп-жүріп бір уақытта қолымды тигіздім мұнараға. Тура кинодағыдай жүрегіме нұр кіріп жатыр. Мен қажы болдым деп айқайлап жатып , оянып кеттім. таң атып қалған кез. Әкем жұмысқа баруға галстугын байлап жатыр екен, даусымды естіп бөлмеме кіріп келді. «Балам не болды? Қайдағы қажылық?» деді. Мен қажы болдым түсімде дедім. «Балам менің айтқанымды тыңдашы. Меркіге медресеге бар деді. Сол түстің әсерінен «көке оқысам оқиын» дедім. Бір аптадан кейін Меркіге ұштық, мен медресеге түстім. Бір айдың ішінде намаз оқып үйрендім. Сосын Өзбекстанға оқуға түсіп, араб грамматикасын үйрендім. 1994 жылы Әл-Азхар университетіне оқуға қабылдандым. 1996 жылы бірінші рет қажылыққа бара жатырмын. Кеме түнде Жидда қаласындағы портқа жақындап қалды. Бір қарасам мұнара тұр. Мұнараның басындағы маяк айналып тұр. Кеме мұнараға жақындағанда мен ана жерде бұрын болған сияқтымын. Білемін мына жерді. Қасымдағы адамға мен мына жерге келгенмін деймін. Ол адам мені қуанғаннан есі ауысып тұр деп ойлап тұр да. Есіме жас кезімде көрген түсім түсті.

– Ата-бабаңызда молдалық құрғандар бар ма?

– Менің руым Сейітқожа. Әкем айтып отыратын «Сендер діни оқу оқуларың керек. Біз заманның кесірінен оқи алмадық» деп. Біз Қыпшақтардың ішіндегі қожамыз. Шамамен 1750 жылдары біздің құлжан деген бабамызды қыпшақтар, Шашанбай болыс Бұхара жағынан алдырған екен. Дін үйрету үшін.

– Әңгімеңізге рақмет!

БөлісуТвитБөлісуЖіберу
Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Журналист Кеңес Рақышевтан ақша бопсалады деп айыпталуда

Келесі жаңалық

Ләйлә Сұлтанқызы: Өтірік патриот бола алмағаным үшін кешірім сұраймын

ҰқсасЖаңалықтар

qaz.neonomad.kz
Оқиға

Үш келіншекті зорлап, өлтірген 3 ағайындының бірі түрмеден видеоүндеу жолдады

Желтоқсан 11, 2019
296
qaz.neonomad.kz
Білім

Аграрлық ЖОО-ның түлектері ауылдарда жұмыс істеуге міндеттеледі

Желтоқсан 11, 2019
155
qaz.neonomad.kz
Басты жаңалықтар

«Жын шығарамын» деп әпкесін өлтіріп алған жігіт сот залынан қашпақ болды (видео)

Желтоқсан 11, 2019
79
qaz.neonomad.kz
Оқиға

Ит екінші сынып оқушысын өлгенше талап тастаған – Алматы облысы

Желтоқсан 11, 2019
510
qaz.neonomad.kz
Өмір

Ішінен шыққан 3 баласын тастап, түрік еркектің соңына еріп кеткен қазақ қызы іздестірілуде

Желтоқсан 10, 2019
1.3k
Ділназ Ахмадиева: Бұл сәбиді мен ғана емес, бүкіл Қазақстан күткен сияқты
Шоу-бизнес

Ділназ Ахмадиева: Бұл сәбиді мен ғана емес, бүкіл Қазақстан күткен сияқты

Желтоқсан 10, 2019
582
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Ләйлә Сұлтанқызы: Өтірік патриот бола алмағаным үшін кешірім сұраймын

Ләйлә Сұлтанқызы: Өтірік патриот бола алмағаным үшін кешірім сұраймын

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

qaz.neonomad.kz
Президент

Тоқаевтың жалғыз ұлы тегін өзгертті (сурет)

Желтоқсан 3, 2019
25.7k
300 мың теңге: Несиені кешірудің ІІ кезеңі жүзеге асып жатыр
Қазақстан

300 мың теңге: Несиені кешірудің ІІ кезеңі жүзеге асып жатыр

Желтоқсан 5, 2019
6.9k
«Орамал тақ, халат киіп жүр деп айтпаймыз»: Он екі қайын апа жалғыз келінге қандай талап қояды?
Өмір

«Орамал тақ, халат киіп жүр деп айтпаймыз»: Он екі қайын апа жалғыз келінге қандай талап қояды?

Желтоқсан 7, 2019
6.1k
Тоқаев ең төменгі зейнетақы мен жалақы көлемін бекітті
Президент

Тоқаев ең төменгі зейнетақы мен жалақы көлемін бекітті

Желтоқсан 6, 2019
6.7k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Үш келіншекті зорлап, өлтірген 3 ағайындының бірі түрмеден видеоүндеу жолдады

Желтоқсан 11, 2019
296

Аграрлық ЖОО-ның түлектері ауылдарда жұмыс істеуге міндеттеледі

Желтоқсан 11, 2019
155

«Жын шығарамын» деп әпкесін өлтіріп алған жігіт сот залынан қашпақ болды (видео)

Желтоқсан 11, 2019
79

Ит екінші сынып оқушысын өлгенше талап тастаған – Алматы облысы

Желтоқсан 11, 2019
510

Ішінен шыққан 3 баласын тастап, түрік еркектің соңына еріп кеткен қазақ қызы іздестірілуде

Желтоқсан 10, 2019
1.3k

Ділназ Ахмадиева: Бұл сәбиді мен ғана емес, бүкіл Қазақстан күткен сияқты

Желтоқсан 10, 2019
582
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.