Дүйсенбі, Наурыз 1, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Мейрамбек Бесбаев қазіргі қазақ қоғамындағы өзін толғандырып жүрген мәселелер төңірегінде әңгіме қозғады

Мейрамбек Бесбаев қазіргі қазақ қоғамындағы өзін толғандырып жүрген мәселелер төңірегінде әңгіме қозғады

Мамыр 12, 2020
Шоу-бизнес, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Мейрамбек Бесбаев қазіргі қазақ қоғамындағы өзін толғандырып жүрген мәселелер төңірегінде әңгіме қозғады
Поделиться на Facebook

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Мейрамбек Бесбаев қазақ тілінің жайы мен қазіргі әншілердің деңгейі және қоғам жайлы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

«Мәдениет туралы заңға өзгертулер енгізу керек. Қазақтың өнерпаздары қалтасы томпайып, тойға қарап қалмайтындай болуы үшін әнші концертке баруы керек, оған халықтың қалтасы көтеру керек. Біз көп ұлтты Қазақстанбыз. Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі кез келген мейрамханада 50% өзіміздің тілде ән айтылуы керек», – деді Бесбаев ақын Ақберен Елгезекке берген сұхбатында.

Сонымен қатар әнші шетелдің радиосына қызыға қарайтынын айтты.

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін

«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды

«Алматының көптеген мейрамханасында өкінішке қарай, тек қана шетелдің әндері орындалып жүр. Бұл заңмен реттелмеген. Көршілес мемлекеттердің радиоларын тыңдасам, сүйсінемін. Монғолияда 3 миллионнан астам моңғол бар, ал телеарнасының 99%-і өз тілінде сайрап тұр. Осыны заңға енгізсек, біздің әншілер басқаша, сапаға жұмыс істер еді. Әнге, әннің сөзіне қарайтын еді», – деді ол.

Айтуынша, қазір әншілердің қадір-қасиеті кеткен. Олардың өсек-аяң шеңберінен шыға алмай қалуына өнер адамдарының да кінәсі бар.

«Біздің әншілер тойға шығып, хит болатын әнге жұмыс істеп кетті. Әнші тойға жетіскеннен бармайды. Әлемдік деңгейдегі әншілер де тойға келеді, олардың шарттары да басқаша. Қазір әншілерден қадір-қасиет кетті. Қазір елге барсаң, жамандап жатқаны – өнер адамдары», – деді Бесбаев.

«Музарт» тобына 20 жыл

2021 жылы «Музарт» тобының құрылғанына 20 жыл толады. Соған орай топ мүшелері бастарынан өткізген қызықты оқиғалардан фильм шығаруды жоспарлап отыр.

«Біз халықпен бірге өстік. Бізге шынымен 20 жыл. Он жыл бірге жұмыс істеп, кейін бөлініп кетіп, бес жылдан кейін қайта қосылып, бізге 15 жыл деп жүрген топтар да бар. Біз 20 жыл үздіксіз жұмыс істедік. Топта өзгерістер болды, бірақ әнімізді айттық. Келесі жылы 20 жылдығымызды атап өткіміз келеді. «Музарт» жайлы деректі фильм, фотоальбом, басымыздан өткен қызықты жағдайдан кино да түсіруге болады. Оның бәрі қаражатқа тіреледі», – дейді ол.

Сонымен қатар Бесбаев өзінің әріптесі Сәкен Майғазиев пен Кенжебек Жанәбіловтің қандай іспен айналысып жүргені туралы да айтты.

«Қырық жастан асқаннан кейін тәжірибеңмен бөліскің келеді. Сәкен – талантынан бұрын еңбекқор жігіт, біреуге бірдеңе түсіндіру қажет болса таңнан кешке дейін отыра алады. Сәкеннің осы жолды (Жүргенов академиясының проректоры – Sputnik) таңдағанына қуанамын, өзінің де мектебі бар. Кенжебек те қарап жүрген жоқ, оның құлағы нашар еститін балаларды оқытатын үлкен мектебі бар», – деді ол.

«Көкіректі қашанғы қаға береміз»

Сөзінің арасында әнші қазақ тіліне шорқақ, алайда ел алдында жүрген азаматтарға қатысты ойымен бөлісті.

«Ашынасың, бірақ қолдан келер шара не деп отыруға болмайды. Жазып бергенді оқып бере алмаған бауырларымды көргенде қиналамын. Қайтесің, ол да бір қазағың. Тіл білмейсің деп далаға лақтыра алмайсың. Біз мұның бәріне шыдаудай-ақ шыдап келдік, кейде қатал шешімдер керек», – деді әнші.

Әнші сұхбат барысында қазіргі қоғам пейілінің тарылып бара жатқанын тілге тиек етіп, бір сапарында көрген бақуатты кісі мен көршісінің жұпыны үйін мысалға келтірді.

«Біз бір үкіметке қарай бермей, маңайдағы көршіге де көз салуымыз керек. Пейіліміз соңғы кезде қиын болып кетті. Ол мәдениеттің жоғы, рухани жұтағанымыздың кесірі. Баяғыда бір бай тұтас ауылды асыраған әрі сол ауылдың кедейі де, жесірі де болмаған. Бір көшеде екі бай болса, соның жан-жағына қарамайтынына жүрегім ауырады», – деп ашынды ол.

Әнші төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылғандарға берілген әлеуметтік төлемге қатысты да пікір білдірді.

«Көмекті сұрап отырған тек қана қазақ, жалқаулық қанымызда бар. Аспаннан біреу алып келуі керек немесе көмектесетін көке болуы тиіс. Маңайымда білімге еш ұмтылмайтын, бос жүрген қаншама жалқау туысқан інілерім жүр. 42 мың теңгеге де қырылып қалған басқа ұлтты көрген жоқпын. Ұлы, дана халық екеніміз рас, алайда 21 ғасырда көкіректі қашанғы қағып отыра беруге болады», – деді Бесбаев.

Бөлісу289ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

22 жастағы қыз Ақмола облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Келесі жаңалық

Азық-түлік бір айда 1,9 процентке қымбаттады – Ұлттық банк төрағасы

ҰқсасЖаңалықтар

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін
Басты жаңалықтар

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 1, 2021
69
«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды
Әлем

«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды

Наурыз 1, 2021
10
Әке-шешесі 12 жасар қызын әйелдікке сатып жіберді
Әлем

Әке-шешесі 12 жасар қызын әйелдікке сатып жіберді

Наурыз 1, 2021
74
Нұр-Сұлтанда краншылар жалақысын 800 мыңға дейін көтеруді талап етті
Басты жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда краншылар жалақысын 800 мыңға дейін көтеруді талап етті

Наурыз 1, 2021
4
Сайрамдық азамат досына арақ ішкізіп, арам ойын іске асырды
Басты жаңалықтар

Сайрамдық азамат досына арақ ішкізіп, арам ойын іске асырды

Наурыз 1, 2021
5
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Алексей Цой: Дәрігерлердің орташа жалақысы 2023 жылы 561 000 теңгені құрайды

Наурыз 1, 2021
17
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Азық-түлік бір айда 1,9 процентке қымбаттады – Ұлттық банк төрағасы

Азық-түлік бір айда 1,9 процентке қымбаттады – Ұлттық банк төрағасы

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)
Басты жаңалықтар

Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)

Ақпан 28, 2021
447
Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы
Санаты жоқ

Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы

Ақпан 28, 2021
380
Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)
Бейне

Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)

Ақпан 26, 2021
1.8k
«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
6.1k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 1, 2021
69

«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды

Наурыз 1, 2021
10

Әке-шешесі 12 жасар қызын әйелдікке сатып жіберді

Наурыз 1, 2021
74

Алматы қаласында жүк көлігі жер астына түсіп кетті

Наурыз 1, 2021
107

Нұр-Сұлтанда краншылар жалақысын 800 мыңға дейін көтеруді талап етті

Наурыз 1, 2021
4

Сайрамдық азамат досына арақ ішкізіп, арам ойын іске асырды

Наурыз 1, 2021
5
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.