Алматы қаласының Медеу аудандық сотында зорлық жасады деп айыпталған жігітке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Neonomad.kz inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, үстіміздегі жылдың наурыз айында 1988 жылғы ер азаматы қызды романтикалық кездесуге «Медеу» мұз айдынына шақырады. Кездесудің соңы зорлықпен аяқталған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде ол кепілдікпен шыққан. Осыған дейін де ол сотталған екен. Екі рет зорлық үшін, және бір рет алаяқтық үшін. Соған қарамастан оны сотқа дейінгі тергеу кезінде шығарып жіберген.
31 жастағы сотталушы өз кінәсін толығымен мойындады. Жәбірленушіге моральдық зиян келтіргені үшін ақы төлеуге дайындығын айтты.
Бейсенбі күні Медеу аудандық сот ер азаматты кінәлі деп танып, оны 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.