Қазақ эстрадасының жұлдызы Марат Омаров «Астарлы ақиқат» бағдарламасының арқасында анықталған немересімен кездесті. Әнші ұлымен бірге оның некесіз туған қызына арнайы Түркістан облысына барғаны белгілі болды. Олар кішкентай Көзайыммен жүздесіп, сағыныштарын басып қайтқан, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы жұлдызды әулеттің мүшесі Зарина Омарова хабарлады. Әншінің үлкен қызы Instagram парақшасында Көзайымның атасы мен әкесімен кездескен сәтінен суреттер мен видеолармен бөліскен.
«Карантиннің әсерінен біраз жұмыстарды кері шегеріп қойып едік. Енді міне бүгін бұйырыпты. Атасы мен папасы Көзайымға барып қайтты. Балапанмен жүздесіп, қуанып қалды» , – деп жазды Зарина Омарова.
Желі қолданушылары Азамат Омаровтың некесіз туған қызымен көріскеніне тәнті болып, оған деген жылы лебізін білдірген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Қандай жақсы, атасы мен әкесі барғанына қатты қуанып тұрмын» , «Көзайым аумаған атасы ғой. Тәтті қыз. Жарайсыздар» , «Ризамын сіздерге, барып араласып тұрғандарыңыз жақсы болған» , «Сүйкімді екен өзі. Қуанып қалған шығар әкесі мен атасына» , «Сіздерге тәнтімін. Тастап кетпей, барып тұратындарыңыз қуантарлық жағдай» , – деп жазуда көпшілік.