Ұлыбританиялық хирург-трансплантолог Теренс Инглиш алдағы үш жылда шошқалардың жүрегін адамдарға салатынын бөлісті. Мұнымен қатар, ол биыл шошқаның бүйрегі алғаш рет адамға салынатынын жеткізді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап.
Хирург маман жануардың бүйрегі адамға сәтті салынса, жуық арада жүректі алмастырып салатынын айтады. Бұл өз кезегінде донор органдарына деген сұранысты қанағаттандырады. Ұлыбританияда 300 адам өзінің жүрегін ауыстырып беруді күтіп отыр. Сол себепті зерттеушілер бұл мәселені шешудің жолын қарқынды түрде іздестіріп жатыр. Сондай-ақ, шошқа жүрегінің көлемі адамдікімен бірдей екені белгілі.
Адам ағзаларын салыстырып салатын ксенотрансплантация саласы гендік инженерияның дамуының арқасында ілгерілей түсті. Алайда көптеген маман мұның адам баласына кері әсері болуы мүмкін екенін айтады.