Бейсенбі, Наурыз 4, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
Шоу-бизнес, Қазақстан, Қоғам
Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Сурет: instagram.com/saken_maigaziyev/

Поделиться на Facebook

Журналист Жылқышыбай: Сәкен Майғазиев сауатсыздығын, қателік жібергенін білсін

Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде өзін таңғалдырған пікір туралы жазбы жариялады.

«Неше түрлі адамдар бар. «Осы Сәкен ауырмайды екен да…» деген пікірді оқып, жағамды ұстадым. Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле. Талайды тәубесіне түсірген «тәж», бірінің жанын алды, бірінің жақынын жалмады, әйтеуір бәріміздің екі аяғымызды бір етікке тықты. Төрткүл дүниені дүрліктіріп тәж тажал келген кезде біз де әулетімізбен бір-бір аунап тұрдық. Көрінбейтін жаумен күрес біздің отбасымызда да жүрді.

Алдымен ағаларым, жеңгем, 4 әпкем, сосын анашым, кейін үйдегі отанасы ауырды. Анасы 27 күн бас көтере алмай, бақандай төрт апта ауырды. Әшейінде ойын-күлкімен білінбей, зулап өте шығатын төрт апта осы жолы маған төрт жылдай көрінді. Бірнеше рет жедел жәрдем шақырдық. Жарының маңдайынан сүйіп, укол салып жүрген (дәрігердің протоколымен) мен, бір күні өзім де мұрттай ұштым. Бас сүйегімгің ішіндегі бір жұмбақ күш көзімді ішке, терең бір иірімге тартып, кеудемді өртеп барады.

Тыныс алғанымда ішімдегі жалын сыртқа шығып, маңайымды өрт шалардай, кеудемде қорқыныш ұялады. Қорқыныш бойды деңдеген сайын, мен де тілімді кәлимаға келтіріп, көзге көрінбейтін «тажалдың тәжін» киіп, «маңдайыма жазылғаны осы болар», деп дертіме мойынсұна бердім. Ойша туған-туыс, дос-жаранмен бақұлдасып жатырмын.
Ең бірінші ойыма анам келді. Перзентінен айрылған аналардың зарын кезінде кітаптардан көп оқитынмын, бірақ еркек болып жаратылған соң түсініп, сезіне алмаспын. Құлағыма Алтынбек көкемнің «Қара кемпірі» келгендей болды. Дегенмен, мен жалғыз емеспін ғой, аға-жеңгелерім, әпке-жезделерім бар, Әділетім бар. Анашыма жұбаныш болар.

Көзім ілініп кетіпті. Үстімді қара тер басқан. Ашқым келеді, бірақ кәлләмнің ішінде көзімді тереңге тартып жатқан бір тылсым әлі де өз күшінде екен. Баяу көзімді аштым. Жан-жағыма қарадым. Бөлменің есігінен бұлдырап кішкентай бас көрінді. Көзімді уқаладым. Үлкен қызым екен. Көзіне көзім түсті. Қорқыныш пен үміт араласқан көзқарасы жүрегімді дір еткізді.

«Қыздарым! Олардың аналары да ауырып жатыр еді ғой!

Қалай? Анау бөлмедегі аналарының жағдайын ойладың ба? Кеше дәрігер айтып кеткен уколы салынды ма екен? Ыстығы басылды ма екен?…» Алыстан жаңғырып естілген даусымды естігім келмеді. Ақырындап тұруға тырыстым.
Есіктен қарап тұрған қызым кейін жүгіріп кетті. Түсінбей қалдым. Басымды көтеріп, сылқ етіп диванға отыра кеттім. Қайтадан көзімді жұмдым. Қанша уақыт өткенін білмеймін, иек тұсымнан ыстық леп есті. Көзімді ашсам, қызым лимон салынған ыстық су ұсынып тұр.

«Әке, мынаны ішсең тез жазыласың», деді ақырын ғана. Тағы да көзіне көзім түсті. Анасының жас кезіндегі жанарын көргендей болдым.
«Анасынан аумай қалған алтыным сол!» Бұл сөзді ішімнен айттым ба, әлде дауыстап айттым ба, ажырата алмадым. Қайтадан қалың тұман арасына еніп кеткендей болдым. Тек қызым берген суды ұрттап отырғаным, орнымнан тұрып, теңселіп кетіп бара жатқаным, балалардың «Әкешім, қайда барасың?», деген дауыстары еміс-еміс есімде. Жауап бердім бе, жоқ па, оны да бір ҚҰДАЙ біледі. Төбемнен құйған мұздай судан оянғандай болдым. Тура мағынада. Душтың астында екенмін. Есіктің сыртынан ұлымның:

– Әке, бәрі жақсы ма? – деген даусы естілді.

– Иә, иә, балам. Қатты терлеппін. Шайынып алайын. Алаңдама.
Су астында өткізген жарты сағат бар дертімді ағызып алып кетпесе де, бойыма сәл де болса сергектік бергендей болды. Есімді жидым. Қыздарыма ауырғанымды көрсетпеуім керек, оларды қорқытып алмау керек, қасыма қатты жақындатпауым да керек. (Соңғысы тым қиын мәселе). Душтан шығып ас үйге беттеп бара жатқанда «Әкееее!!!» деп жарыса жүгіріп келе жатқан Мәриямым мен Сәфиямды орта жолдан Әділет қуып жетіп, алдандырып алып кетті. Ас үйге кіріп, көзі кіртиген келіншегімнің көңілмен ұсынған күрең шәйін ішіп, бетім бері қарады. Мен АЛЛАның қалауымен, бір-ақ күн ауырдым. 1 ай осы күйді кешуді айтсаңшы. Менің бір ғана күн ауырып аяғыма тұрып кеткенімді «Альхадая» қара зере майын үзбей тұтынғаныңыздан» деп топшылады анасы (қалжыңсыз). Ауру мен ажалдың айтып келмейтінін айтам да. Уақыттың тым қысқа екенін түсіндім. Бір адамның пікіріне бір кітап жазып тастадым ғой деймін. Кітап?
Сәкеннің түйсігіне түйгендерін қағазға түсіріп, кітап жазсам қалай болады екен, а? Енді сен қалып ең кітап жазбаған… дейсіз бе? Жұма мүбәрак, жақсылар!» — деп жазды әнші. 

Тегтер: Сәкен Майғазиев
БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Келесі жаңалық

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

ҰқсасЖаңалықтар

Жаңаөзен тұрғыны жұмысқа тұрғызуға уәде берген алаяққа 4 млн теңге берген
Басты жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда ер адам бастығынан тірі анасын «жерлеуге» ақша сұраған

Наурыз 4, 2021
109
Үндістанда екі басты дені сау бала өмірге келді
Әлем

Үндістанда екі басты дені сау бала өмірге келді

Наурыз 4, 2021
6
Жоғары қабаттан құлаған қызды құтқарып қалған Павлодар тұрғыны марапатталды
Қазақстан

Жоғары қабаттан құлаған қызды құтқарып қалған Павлодар тұрғыны марапатталды

Наурыз 4, 2021
3
«Банктерден қаржы жымқыру ісі»: Тілеубаев пен Ертаев 9 жылға сотталды
Қазақстан

«Банктерден қаржы жымқыру ісі»: Тілеубаев пен Ертаев 9 жылға сотталды

Наурыз 4, 2021
1
АҚШ ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Қытай басты қарсылас ретінде аталды
Әлем

АҚШ ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Қытай басты қарсылас ретінде аталды

Наурыз 4, 2021
1
Ақмола облысында екі шахтер тас астында қалып қойды
Басты жаңалықтар

Ақмола облысында екі шахтер тас астында қалып қойды

Наурыз 4, 2021
1
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
505
Жасөспірім қыз өзін туған әкесі зорлап келгенін айтып шағымданды
Басты жаңалықтар

Балқашта полицей 14 жасар қызды асқан айуандықпен зорлап тастады

Наурыз 4, 2021
289
Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды
Басты жаңалықтар

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
559
Туған жеріне симаған  Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды
Басты жаңалықтар

Туған жеріне симаған Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды

Наурыз 3, 2021
205

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстанда ер адам бастығынан тірі анасын «жерлеуге» ақша сұраған

Наурыз 4, 2021
109

Үндістанда екі басты дені сау бала өмірге келді

Наурыз 4, 2021
6

Жоғары қабаттан құлаған қызды құтқарып қалған Павлодар тұрғыны марапатталды

Наурыз 4, 2021
3

«Банктерден қаржы жымқыру ісі»: Тілеубаев пен Ертаев 9 жылға сотталды

Наурыз 4, 2021
1

АҚШ ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Қытай басты қарсылас ретінде аталды

Наурыз 4, 2021
1

Ақмола облысында екі шахтер тас астында қалып қойды

Наурыз 4, 2021
1
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.