Маңғыстау облысында елдегі төтенше жағдай режиміне қарамастан беташар өткізген әйел жазаланды. Бұл туралы Tengrinews.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Басылымның мәліметінше, ТЖ режиміне қарамастан беташар өткізген Онды ауылының тұрғыны жауапкершілікке тартылды.
Ол карантин ережелерін сақтамай, үйде беташар рәсімін өткізген.
«Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа жолданды», – деді ведомстводағылар.