Дүйсенбі, Қаңтар 18, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам

Мәжіліс депутаты: Бізге қарсы дүнгендер үгіт жүргізіп жатқан шығар?

Ақпан 12, 2020
Қоғам, Басты жаңалықтар, Қазақстан
Мәжіліс депутаты: Бізге қарсы дүнгендер үгіт жүргізіп жатқан шығар?
Поделиться на Facebook

Қордайдағы жағдайға байланысты үкімет құрған комиссияның құрамында болған мәжіліс депутаты Бақытжан Смағұл аталған оқиғаға қатысты сөз қозғады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Депутат мешіт имамдары ҚМДБ сайлауынсыз уағыз айта берітіндігін сынға алды.

«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты

Баннердегі әйел әкімдіктен миллион сұрады

«Дүнгендерге тәрбиенің басым бөлігі мешітте беріледі. Ал оның басты уағызшысын Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы сайламайды. Дүнген тілінде уағыз айтылып жатады. Ол не айтып жатыр? Бәлкім, бізге қарсы үгіт жүргізіп жатқан болар?! Дүнгендер тек Құранды ғана емес, қоғамды сыйлай білуі шарт. Сондықтан мен еліміздің бас мүфтиі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлымен сөйлестім. Ол облыстық имамды Қордай ауданына жіберді. «Діни бағыттағы сала бақылауда болады. Жұмыс жасаймыз. Әр шараны қадағалап отырмын», – деді маған жаңа бас мүфтиіміз», – деп наразылығын көрсетті Смағұл.

Депутат мысал ретінде көршілес Қытайдағы жағдайды атап өтті. Сөзінше, аспан асты елі басқа ұлттың өкілдеріне арнап арнайы заң жобасын құрастырыпты. Аталмыш заңға сәйкес, өзге ұлт өкілдері міндетті түрде қытайлықпен дос болуы шарт екен.

«Көрші Қытайда әртүрлі ұлыстарды қоғамға кіріктірудің түрлі тәжірибесі мен тәсілі бар. Мысалы, егер сен қазақ болсаң, қалайсың ба, қаламайсың ба, ешкім сұрамайды, міндетті түрде қытайдан досың, жолдасың болуға тиіс. Дүркін-дүркін, жетісіне бір рет қонаққа шақырып, үйіңде қондырасың және оған қонаққа барасың. Осыған мәжбүрлейтін бұйрық бар. Халықтарды араластыру осылай жүзеге асырылады. Біз олай мәжбүрлеп отырған жоқпыз. Екі ортада көпір тұр, сонымен араласып, оны «достық көпіріне» айналдыруға болады. Қазақ қариялары да бұл жағы кемшін болғанын мойындап, қарым-қатынасты жолға қоюға келісті. Дүнгендердің қазақ еліне үдере көшіп келгеніне бір жарым ғасырдай уақыт өтіпті. Алайда іргедегі қазақтармен аралас-құраластығы үзілген. Екі ортада көпір тұр. Пайдаланбайды. Бұл мәселелердің барлығы өткен ғасырдан бері қордаланған. Енді оны тәуелсіздік аясында толық шешу аса маңызды. Жалғыз дұңған ғана емес, басқа барлық этностар мемлекет құраушы қазақ халқымен бірге бір ұлт болып ұйысуы керек. Әйтпесе, әрқайсысы әр жаққа тартып, жерімізді ту-талақай ету қаупі бар», – деді депутат.

Бұған қоса Смағұл дүнгендердің төл мейрамымыз Наурызды тойламайтындығын атап өтті.

«Дүнгендер әз-Наурыз секілді ұлттық мерекелерімізді тойламайды. Олар үшін бұл жат. Әкімдіктің ішкі саясат бөлімі «ұрпағы көз үйретсін» деп Ұлыстың ұлы күнін атап өтуді талап етеді, мәжбүрлейді. Бірақ бұлар ондай мерекеге шақырғанға келмейді. Тек Ораза мен Құрбан айтты ғана мейрам санайды»., – деді шенеунік.

Ең сорақысы кейбір мектеп ұстаздары егіндік уақытында сол жаққа барып сабақ өтеді екен. Өйткені дүнгендердің балалары мектепке бармай, егін жинауға кететін көрінеді.

«Мектеп директорымен тілдестім. Ауқатты ауылдық округінің білім ордасында 1,5 мың оқушы оқиды. Соның 1300-і – дүнген, ал 200-і – қазақ балалары. Көпшілік азшылыққа әлімжеттік жасайды дейді. Мұғалімнің тілін алмайды екен. Дүнгендар ертелі-кеш үлкенінен кішісіне дейін жермен жұмыс жасайды, егін салады. Мұғалім балаларын мектепке келтірмек болса, «Сабақ бергің келсе, егіндікке кел!» деп айтады екен. Тіпті науқан кезінде егістікке барып сабақ беріп жүргендері де бар көрінеді. Бұл әрине, өрескел дүние. Мұның дұрыс емес екені жөнінде ескерту жасадық.

Мектеп ауласындағы дәретханада жас қыздың зорлануына қатысты сорақы оқиғадан кейін бар жердегі білім ордалары ауласына бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынды. Бірде осы мектеп ауласында кезекшілік етіп жүрген мұғалімдер бөтен жігіттердің жүргенін байқап, сыртқа шығып кетуін сұрайды. Олар екі ұстазды ауладан аулақ шақырып алып, тепкілеп ұрып кеткен. Артынан араға ақсақалдар түсіп, екі жақты бітістірген», – деп қосты Смағұл.

Сортөбе ауылдық округіндегі 24 мың халықтың басым көпшілігі, яғни 23 мыңы – дүнген екен. Біразының үйінде қару-жарақ бар деген мәлімет айтылды. Алайда қазақтардан тәркіленген қару олардан тәркіленбепті. Алдағы уақытта олар қаруды заңды алған ба, әлде заңсыз жолмен иеленгенін анықтау үшін шараларды қолға алу жоспарланыпты.

Жамбыл облысының Қордай ауданына Парламенттен, үкіметтен, бас прокуратурадан, ұлттық қауіпсіздік қызметінен және басқасынан өкілдер келіпті. Жергілікті халықты мазалаған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді анықтап, жазып алды. Мектеп, аурухана, жол мәселелерін шешіп беруді сұрайды. Алдағы уақытта ол бойынша үлкен жұмыс жасалуға тиіс. Жұртшылық төбелестің қайталануын емес, жылдар бойы қордаланған түйткілдердің нақты шешілгенін қалайды дейді депутат.

Бөлісу52ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Секс-құлдық! Жат елде жәбір көрген 21 азаматша елге жеткізіледі

Келесі жаңалық

Нәрестені тоңазытқышта мұздатып өлтірген үшінші күдікті ұсталды

ҰқсасЖаңалықтар

«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты
Өмір

«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты

Қаңтар 17, 2021
291
Баннердегі әйел әкімдіктен миллион сұрады
Денсаулық

Баннердегі әйел әкімдіктен миллион сұрады

Қаңтар 17, 2021
101
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Ақша

Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады

Қаңтар 17, 2021
23
«Кенеттен жағдайы нашарлап кетті». Директоры Мейрамбек Бесбаевқа не болғанын айтты
Шоу-бизнес

«Кенеттен жағдайы нашарлап кетті». Директоры Мейрамбек Бесбаевқа не болғанын айтты

Қаңтар 17, 2021
782
Түрмеде тұтқынды су қайнатқышпен зорлап тастады. Әпкесі көмек сұрайды
Қазақстан

Түрмеде тұтқынды су қайнатқышпен зорлап тастады. Әпкесі көмек сұрайды

Қаңтар 17, 2021
280
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
527
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Әдейі улаған: 5 бірдей нәрестеге қастандық жасаған медбике ұсталды

Нәрестені тоңазытқышта мұздатып өлтірген үшінші күдікті ұсталды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды
Шоу-бизнес

Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды

Қаңтар 17, 2021
3.2k
«Кенеттен жағдайы нашарлап кетті». Директоры Мейрамбек Бесбаевқа не болғанын айтты
Шоу-бизнес

«Кенеттен жағдайы нашарлап кетті». Директоры Мейрамбек Бесбаевқа не болғанын айтты

Қаңтар 17, 2021
782
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
527
«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты
Өмір

«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты

Қаңтар 17, 2021
291

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты

Қаңтар 17, 2021
291

Баннердегі әйел әкімдіктен миллион сұрады

Қаңтар 17, 2021
101

Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады

Қаңтар 17, 2021
23

«Кенеттен жағдайы нашарлап кетті». Директоры Мейрамбек Бесбаевқа не болғанын айтты

Қаңтар 17, 2021
782

Түрмеде тұтқынды су қайнатқышпен зорлап тастады. Әпкесі көмек сұрайды

Қаңтар 17, 2021
280

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
527
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.