Жексенбі, Қаңтар 24, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат Парламент

МӘЖІЛІС-2021: Қандай құрамда қалыптасады және қандай партиялар орын алуы мүмкін?

Сегізінші рет өткізілгелі отырған Мәжіліс сайлауы кейінгі 16 жылдың ішінде алғаш рет өз мерзімінде өткізілгелі отыр.

Желтоқсан 10, 2020
Парламент, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Саясат
МӘЖІЛІС-2021: Қандай құрамда қалыптасады және қандай партиялар орын алуы мүмкін?

Сурет: https://zanmedia.kz/

Поделиться на Facebook

Бұл сайлаудан қоғам не күтеді? Әрине, ең алдымен оның объективті түрде өткенін қалайды. Сайлаудың легитимділігі билік үшін де өте қажет. Себебі айналамыздағы мемлекеттерде орын алған оқиғалар осы легитимділіктің болмауынан басталды. Сайлауға қатысатын саяси партиялар өздерінің үгіт-насихат жұмыстарына бүгін 10 желтоқсанда сағат 18.00 бастап кірісті. Әрине, бір айдың ішінде қоғамдық санада революция жасау мүмкін емес. Дегенмен де, ақпараттық қоғам жағдайында кез-келген партия жайлы ақпарат үлкен резонанс тудыруы мүмкін. Оның салдары сайлаушының таңдауына әсер етуі де мүмкін.

Сонымен, біздің саяси партиялар сайлауға қандай дайындықпен келді? Сайлаушының назарын аударатындай не ұсына алады? Қай партия парламент құрамына енуге үмітті? Әрине, барлығы үмітті. Барлығы өз деңгейінде дайындық жүргізді.

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қазіргі мәжіліс үш партиядан тұратынын білеміз. Парламенттік партия болып табылатын   «NurOtan», «Ақжол» және «Қазақстан халықтық партиясының»  сайлаудың алдындағы жағдайын қарастырайық.

«NurOtan»

1999 жылдан бері бес рет мәжіліс сайлауына қатысып, барлығында да абсюлютті жеңімпаз болып келе жатқан билік партиясы биыл партияішілік іріктеудің қазақстандық саяси жүйедегі жаңа механизмі – праймеризді енгізіп,  оны 17 тамыз бен 4 қазан аралығында өткізді. Праймеризге 11 мыңға жуық үміткер қатысып, оларды іріктеу үшін  партия мүшелерінің 84 %  астамы қатысты. Яғни, партия сайлаудың алдында партиялық тізім қалай іріктелді және оған лайықты кандидаттар енді ма деген сайлаушыларының қоятын сұрағына алдын ала жауап берді. Бұрын партиялық тізімді партия басшылығы жабық түрде анықтап келгенін ескерсек, бұл ашықтыққа жасалған қадам деп бағалауға болады. Осылайша, партиялық тізімде ұсынылған 126 үміткердің 77-сі праймериз арқылы анықталды.

«Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір» партияның сайлауалды бағдарламасын партия мен үкімет бірлесіп әзірлеп және оны Қасым-Жомарт Тоқаев таныстырғанан кейін, бұл бағдарламаның алдымыздағы бес жылдағы билік органдарының жұмысын айқындаушы негізгі бағдар болатынын болжауға болады. Бағдарлама елдің әлеуметтік прогресі мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған келесі басымдықтарға негізделген:

  • бірінші – әр азаматқа өз әлеуетін жү­зеге асыру үшін тең мүмкіндік беру;
  • екінші – саламатты зияткер ұлт қалыптастыру;
  • үшінші – экономика мен өңірлердің орнықты дамуы;
  • төртінші –  есеп беретін, халық үніне құлақ асатын мемлекет және жауапты азаматтар.

Осы басымдықтарға сәйкес әлеуметтік бағыттағы негізгі межелер қатарына әлеуметтік кодексті әзірлеу; білім, ғылым, денсаулық, мәдениет және спорт саласына жұмсалатын қаржыны ұлғайту; жаңа мектептер салу; дәрігердердің жалақысын арттыру; әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индексациялау; педагогтардың еңбекақысын ұлғайту; мемлекеттік білім беру гранттарын ұлғайту; аймақтарда жаңа үлгідегі ЖОО ашу; жастар мен волонтерлық ұйымдарды қаржыландыруды ұлғайту; студенттердің степендия көлемін көбейту және тағы да басқа маңызды жоспарлар бар.

Сонымен бірге, бұл сайлау кампаниясында партия барлық өңірлерді қамтуға басты көңіл бөлді. Әрбір өңір үшін жеке 216 сайлауалды бағдарламасы әзірленді. Партия аймақтардағы өзінің сайлауалды бағдарламасында 7 басым бағытты анықтады: экономикалық тұрақты аймақ, жайлы аймақ,  әлеуметтік-бағытталған аймақ, жастар үшін аймақ, аймақтың тарихы мен мәдениетін дамыту, ашық және есеп беретін жергілікті органдар және қауіпсіз аймақ. Бұл партияның өңірлерді дамыту бойынша ұсынған маңызды да ауқымды жобалар.

«NurOtan» партиясының сайлауалды штабы бүгіннен бастап жұмысқа кірісті. Штаб жетекшісі Бауыржан Байбек пікірінше «Заман алға тартқан талаптарды уақтылы ескере отырып, «Nur Otan» тек жаңарып қана қоймай, бәсекелестік негізде жұрт қолдауына ие болған партиялық тізімді қалыптастырды».

«Ақжол»

Өздерін «Алаш» қозғалысының мұрагерлері ретінде көретін ақжолдықтар ұлттық мүдделерді әлемдік өркениеттің үздік жетістіктерімен ұштастыру негізінде, еуропалық жол бойынша қоғамды жаңғыртуды өзінің мақсаты етіп қойған.

«Ақжол» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында ең алдымен қоғамдағы өзекті және өткір мәселелерді шешу қажеттігі туралы мәлімдеді. Мәселен, осы сайлау науқанында партия мүшелерінің бірінші кезектегі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болмақ.

Партия Қазақстанның президенттік жүйеден парламенттік республикаға көшуін қолдайтынын жариялады және ипотекалық кредиттер, тұтыну тауарлары, шағын және орта кәсіпорындар мен тәуекелге неғұрлым бейім тұлғалар бойынша пайыздық мөлшерлемелерді шектеуді, сондай-ақ қарыз алушыларға олардың тұрғын үйлері мен әлеуметтік жеңілдіктерін сақтауға кепілдік беретін банкроттық туралы заң қабылдауды ұсынды. Бірқатар саяси бастамаларына қарай отырып, ақжолдықтардың өздерін парламенттегі оппозицияда көргісі келетіні байқалады. Бұл талпыныс электорат алдындағы беделін жоғарылатуға бағытталған популистік ұсыныстар деп қарастыруға болады. Дегенмен, қалыптасып қалған партиялық брэндті ескере отырып, партияның әлі деп болса парламентте орын алуға мүмкіндіктері бар.

Партия мәжіліс сайлауына қатысатын 38 үміткердің партиялық тізімін бекітті.

Қазақстан халық партиясы

Қазақстан Халық партиясы не ұсынып отьыр? Партия ұсынатын басты ұран: «Халық, жер және әділдік». «Коммунистік» атаудан бас тартқанымен, ұран сол идеологияға сәйкес келеді. Мұндағы басты қағидаттар – Қазақстан дамуының жаңа өзегі ретінде әлеуметтік мемлекет құру, экономикалық стратегияны қазіргі заманғы шындыққа қарай өзгерту, Үкімет жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету және оның түпкі нәтижеге бағдарлануы. ҚХП Қазақстанның жаңа бағытын қалыптастыруға арналған он бастаманы енгізуді жоспарлап отыр.

Бұл ең алдымен білім мен медицинаның қолжетімділігі әрі сапалылығы. Елімізге сауатты әрі дені сау халық қажет. Тұрғын үй мәселесін шешу де өте маңызды. Бұдан бөлек, ҚХП лайықты қарттықты, жер мен табиғи ресурстарды қоғамдық бақылауды, экономиканың нақты секторын, яғни АӨК мен өнеркәсіпті дамытуды, ШОБ пен қарапайым азаматтар үшін несие рақымшылығын жүргізуді, сән-салтанат пен үстеме табысқа салынатын салықты жақтайды. ҚХП Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар жұмысының нақты нәтижесіне қол жеткізуге, сондай-ақ сот жүйесінің шынайы бейтараптығын құруға және Қазақстанның бай мәдени мұрасын сақтауға ниетті.

Басында 126 адамнан тұратын партиялық тізім ұсынған «Қазақстан Халық партиясы» біраз «шу» жасады. Бұл үміткерлер ішінде басқа партия өкілдері де «байқамай» кіріп кетіп ақыры партия тізімді қысқартып, Орталық сайлау комиссиясына 114 үміткерден тұратын тізім ұсынып еді. Тағы бір адам өз кандидатурасын партиялық тізімнен қайтарып алу туралы өтініш жазып, нәтижесінде Қазақстан Халық партиясының партиялық тізімінде 113 адам қалды.

Әрине партия «коммунистік» атаудан бас тартуының себептері қатарына дәстүрлі электоратының құрамындағы өзгерістер, қазіргі жастарға «коммунистік ұрандардың» түсініксіздігі себеп болуы мүмкін.

Алдыңғы сайлауларда әртүрлі себептермен мәжілісте орын ала алмаған «Ауыл» партиясы мен «Adal» бұл саяси науқанда мәжілісте орын алуға бекінген сияқты. Бұл соңғы кездегі партиялардың белсенділігінен байқауымызға болады.

«Ауыл»

2016 жылы патриоттық партиямен біріккен «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы бұл сайлауда мәжілісте орын алуға бар күшін салмақшы. Партиялық тізімінде 19 адам бар. Партия ең алдымен аграрлық сектордың жағдайын дамытуды негізге ала отырып бағдарламаларын қалыптастыратыны түсінікті. Партияның басшысы Әли Бектаев билікте ауыл мәселелерін көтеретін саяси күш болуы тиіс екенін атап өткен болатын.

Партияның сайлауалды бағдарламасында ауыл шаруашылығы өндірушілерін ұзақ мерзімді несиелендіру жүйесін енгізуді ұсынады. Әлеуметтік маңызды мәселелер ретінде бала капиталын құру мен 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы әлеуметтік төлемдерді төлеу бастамасы да бар. Партия өзінің сайлауалды бағдарламасының толық мәтінін әзірге жариялаған жоқ. Дегенмен де партия осының алдында «Ел Аманаты» жалпы ұлттық сауалнамасын жүргізізгенін және 212 658 адам қатысқанын жариялады. Осы сауалнаманың негізінде қазақстандықтарды толғандыратын аса маңызды мәселелер анықталғанын және осы проблемалар негізінде сайлауалды бағдарламасы әзірленгенін айтқан болатын.  Партиялық электораттың негізі ауыл тұрғындары болғанымен, қалалықтар арасында партияға «жылы қараушылар» табылатыны сөзсіз.

«Adal»

Партия бұрын елдің саяси өміріне көп қатыспаса да, қазіргі кезде «Бірлік» атауын ғана емес, жаңа мазмұндағы кешенді бағдарламасын да ұсынды және парламенттегі орындар үшін бәсекелесуге ниет білдірді.

«Adal» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында келесі бес басымдықты іске асыру арқылы қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруды көздейді: халықтың өмір сапасын көтеру; кәсіпкерлік – дамыған мемлекеттің іргетасы; агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға басымдық беру; өмірге қолайлы мемлекет; өңірлердің өркендеуі – қуатты мемлекеттің діңгегі.

Партия көтеретін ұсыныстар қатарында, ең төменгі күн көріс шегі мөлшерін өсіру, оған ең төменгі жалақы мен зейнетақы көлемін теңестіру, бюджет саласындағы жұмыскерлердің еңбекақысын өсіру. Сонымен бірге, зейнетақы төлемдерін ерікті формаға ауыстыру, міндетті сақтандыру жарналарынан бас тарту. Бұл шаралар пандемия салдарынан болып жатқан ауыртпашылықтарды еңсеру үшін жасалған партиялық ұсыныс. Тегін және сапалы білім беру басымдығы аясында мектептердің білім беру бағдарламаларын қайта қарастыру, білім саласына жұмсалатын қаржыны ұлғайтуды көздейді.

Әлеуметтік сипаттағы бұл ұсыныстар партияның сайлаушылардың назарын өзіне аударуға бағытталған ұсыныстар екені анық. Алайда, Adalдың өзінің ребрендингін өте кеш жасағанын ескере отырып, оның сайлау рейтингісінің айтарлықтай өсуіне күмәнмен қарауға болады. Дегенмен бұл болашаққа жасалған қадам болар.

Сонымен алдымызда партияларды үгіт-насихат науқаны күтіп тұр.  Сайлаушылар партиялардың бағдарламасы мен ұстанымдарын 10 қаңтарда бағалайтын болады.

Орталық сайлау комиссиясы 10 желтоқсанда тікелей көрсетілімде саяси партиялардың сайлау бюллетендерінде орналасу ретін анықтады. Осы ретпен саяси партиялардың осы сайлау алдындағы  саяси ұстанымдары мен олар ұсынған партиялық тізімдегі үміткерлер санын келесі кестеден көруімізге болады:

Саяси партияларСаяси ұстанымы, сайлау кампаниясындағы

басты ұраны

Ұсынған партиялық тізімдегі үміткерлер саны
Қазақстан халық партиясыКоммунизм,  «Халық, жер және әділдік».113

үміткер

NurOtanЦентризм, «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір»126

үміткер

АуылСоциал-демократия, патриотизм, «Ауыл гүлденсе – Қазақстан гүлденеді!»19

үміткер

АқжолЛибералды демократия, «Жаңа және әділ Қазақстанға»38

үміткер

AdalОңшыл центризм, «Әділетті және экономикалық дамыған Қазақстан!»16

үміткер

Партиялардың бұл сайлауалды маусымдағы бағдарламалары мен олдардың саяси ұрандарына қарай отырып олардың ұстанымдарын көруімізге болады. ҚХП сайлауалды бағдарламасы өткен 2016 жылмен салыстырғанда біршама жүйелі жасалған. Коммунистік атаудан арылғанымен, коммунистік сипаттағы «Жер – халыққа» деген келмеске кеткен лениншіл ұранды  кезеңді еске алады. ҚХП атауды өзгертумен бірге  саяси ұстанымдарын анықтап алған жөн секілді.

Nur Otan партиясы осының алдында 2016 жылғы сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша есеп берген болатын. Басым көпшілік межелердің орындалғаны туралы айтылды. Билік партиясы болғандықтан және өз жеңісіне сенімді болғандықтан популистік ұрандармен жұмыс істей алмайтыны түсінікті. Себебі, әрбір айтылған бөлік бойынша енді бес жылдан соң сайлаушылар алдында есеп беруге міндетті екендерін жақсы түсінеді.  «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір» атты кешенді бағдарлама саяси және экономикалық-қаржылық нақты негіздерге есептеліп жасалғанын байқауымызға болады.

«Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының толық нұсқасы жария болмаса оның негізгі өзегі ауылдың жағдайын жақсартуға бағытталатынын түсінуге болады.

«Жаңа және әділ Қазақстанға»  деп аталатын «Ақжол» партиясының бағдарламасының атауы жақсы. «Кәсіпкерлер» партиясы мәртебесінде болған партияға бәсекелес ретінде «Аdal» партиясының жаңа саяси ұстанымдары енді партияға өз мақсаттарын кеңейтіп жаңа ұстанымдар іздеуге мәжбүрлейді.

«Аdal» партиясының жаңа атауымен бірге жаңа «Әділетті және экономикалық дамыған Қазақстан!» атты жап жақсы бағдарлама ұсынды. Бұл ұсыныстардың көпшілігі пандемиямен байланысты дағдарысқа қарсы шаралар ретінде белгіленген. Бірақ, бұл бағдарлама қаншалықты экономикалық жағынан негізделген бұл сұрақ туғызады.

Үгіт-насихат кезеңінде партиялар өз бағдарламаларына толықтау түсінік береді деп ойлаймыз. Орталық сайлау комиссиясы партиялар арасындағы сайлауалды дебаттарды 30 жетоқсанда өткізуді жоспарлап отыр. Саяси науқан табысты өтіп партиялар өз мақсаттарына – сайлаушыларды өз жағына көптеп тарта алады деп ойлаймыз.

Саясаттанушы – Елдос Жұмағұлов

БөлісуТвитБөлісу1Жіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Түркістанда 7-сынып оқушысы өзінен 10 жас үлкен жігіттен бала босанғанын айтты

Келесі жаңалық

Түркістан облысында полицейлердің арқасында өз қызын зорлаған қатыгез әке 20 жылға сотталды

ҰқсасЖаңалықтар

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым
Шоу-бизнес

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
190
Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді
Денсаулық

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қаңтар 23, 2021
7
АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды
Әлем

АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
10
Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Әлем

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
356
Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті
Әлем

Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті

Қаңтар 23, 2021
129
Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды
Әлем

Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 23, 2021
12
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Түркістан облысында полицейлердің арқасында өз қызын зорлаған қатыгез әке 20 жылға сотталды

Түркістан облысында полицейлердің арқасында өз қызын зорлаған қатыгез әке 20 жылға сотталды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Әлем

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
356
Гивтен бір күнде 18 млн. Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас Instagram-нан қанша табыс табады
Басты жаңалықтар

Гивтен бір күнде 18 млн. Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас Instagram-нан қанша табыс табады

Қаңтар 23, 2021
297
Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым
Шоу-бизнес

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
190
«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
1.1k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
190

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қаңтар 23, 2021
7

АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
10

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
356

Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті

Қаңтар 23, 2021
129

Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 23, 2021
12
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.