Мәулет Әшімбаев Мемлекет басшысының жарлығымен жаңа лауазымға тағайындалды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының жарлығымен Мәулен Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, деп жазылған хабарламада.
Мәулен Әшімбаев 1971 жылы 28 қаңтарда Алматыда дүниеге келген.
Ол 2018 жылдың ақпанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 30 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалған болатын.