Интернет беттерінде Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты 15 жасар қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін ұсталды деген ақпарат тарады. Сондай-ақ, ол «Нұр Отан» партиясының мүшесі, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Ratel.kz мәліметінше, жасөспіріммен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскеннен кейін жәбірленушінің анасына «ауызбастырық» ретінде миллион теңге төлеген. Артынша тағы 50 мың теңге берген.
Депутаттың аты-жөні жазылмаған. Алайда телеграм каналда оның Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, «шұжық королі» Аркадий Ни екені туралы жазылған.