Мәскеуде сән салондардың бірінің әжетханасында қазақстандықтың өлі денесі табылды, деп хабарлайды Neonomad.kz АГН «Москва» сайтына сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, қайтыс болған адам сол сән салонында стилист болып жұмыс істеген. Ол Қазақстаннан Ресейге көшіп келген. Мәскеуде уақытша тіркеумен жүрген. Оның денесін салонның күзетшісі тауып алған.
53 жастағы қазақстандықтың денесінде ешқандай зорлық-зомбылықтың ізі табылмаған. Алдын ала нұсқа бойынша, стилисттің жүрегі тоқтап өлген.