Мәскеуде мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында оқитын Томирис Байсафаның ісіне қатысты оның анасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Марқұмның анасы өзінің Instagram парақшасында істі бақылауына алған Тоқаевқа алғыс білдірді.
«Мені қабылдап, істі зерттеп, тереңірек қарауға тапсырма бергеніңіз үшін алғыс білдіремін. Менің қайғыма көңіл бөлгеніңіз үшін рақмет», – деп жазды Ахметова әлеуметтік желіде.
Жанна Ахметованың сөзінше, істі тергеу өте қиын жүргізілген. Тіпті көшедегі камералардың видеосы жойылып кеткен көрінеді. Сараптамалар да жүргізілмепті.
«Президент араласқан соң, қазіргі уақытта іс Ресейдің тергеу комитетінің бас тергеу басқармасына берілді. Тергеу тобы құрылып, жаңа тергеуші тағайындалды», – деп жазды Жанна Ахметова.