Португалияда көзі жәні мұрыны жоқ бала дүниеге келді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 7 қазанда Португалияның Сетубал қаласында болған.
Осыған байланысты акушер Артуро Карвалью немқұрайлық танытқаны үшін қызметінен шеттетілді. Бұған дейінде акушерге қатысты алтыға жуық шағым түскен екен.
«Родриго есімді баланың анасы үш рет УДЗ жасатқан, бірақ ұрықтың жағдайы туралы дәрігер ештеңе айтпаған. Жүктілік кезінде әйел 5D-УЗИ жасағанда, оған баланың дамуы дұрыс жүріп жатпағаны хабарланған. Бірақ дәрігер Карвалью ата-анасына алаңдайтын себеп жоқ екенін, кейде УДЗ кезінде баланың беті толық көрінбейтінін айтқан»,- деп жазады басылым.
Дәрігерлердің баланың бір аптадан артық өмір сүрмейтінін айтқан. Ол қазір ауруханада жатыр.
«Бұған дейін де Карвалью есімді дәрігерге арыз-шағымдар түскен. Олардың кейбірі он жыл бұрын жасалған. Бір жағдайда 2011 жылы бет пішіні өзгерген және миы зақымданған бала дүниеге келген. Қазір ол бала бес жаста және оған бірнеше операция жасалды», – деп жазады басылым.