Сенбі, Наурыз 6, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

«Мұндай адамдар тірі өлікпен тең болады»: Депрессияны қалай емдейміз

Қыркүйек 19, 2019
Қазақстан, Басты жаңалықтар, Ғаламтор, Денсаулық, Медицина, Өмір
"Мұндай адамдар тірі өлікпен тең болады": Депрессияны қалай емдейміз
Поделиться на Facebook

Қазіргі уақытта адамдар СПИД, рак сияқты ауруларға қарағанда көп көз жұмады. Ауруханаларда науқастардың 40%- і осы ауруға шалдыққан. Осы ауру адамды сүю қабілетінен айырады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Адам «жүрегім ауырды» деп дәрігерге қаралады, бірақ мамандар оның денсаулығынан айтарлықтай кінәрат таба алмайды. Бұл дегеніміз – психосоматикалық бұзылудың алғашқы белгісі. Адам шешімін таба алмаған қиындығына тәнімен жауап беріп жатыр.

Ешқандай мазмұн жоқ

Осы орайда Гүлнұр Байболова депрессияның алғашқы кезеңдерінде дәрігер емес, жақсы психотерапевт, психолог, психоаналитик маман қажет екенін айтты.

«Адам жоғарыда атап өткен мамандармен емделмесе, уақыт өте келе проблеманы тәні көтере алмай қалады. Осының салдарынан денсаулығында кінәрат пайда болады. Бастапқы кезде қан қысымы қатты көтеріліп, тамырлары бітеліп қалуы мүмкін. Ақырында мұның барлығы жүрек талмасына ұшыратады. Мұнымен қатар, депрессиясы асқынған адамдар да рактың ауыр түріне шалдығады. Яғни, рак – депрессияның соңғы кезеңінің көрінісі. Тән психологиялық ауыртпалықтарды көтере алмай кеткен», – дейді Гүлнұр Байболова.

Қырғызстандық болашақ психоаналитик Әйгерім Жұмағұлова депрессияның негізгі белгілерін атады. Айтуынша, ол көңіл-күйдің болмауынан басталып, салмақтың 5%-тен көбірекке азаюына дейін барады. Кей жағдайда керісінше артып кетуі мүмкін.

«Оларды тірі өлік деп атауға болады»

«Депрессияға шалдыққан адам өмірден бұрынғыдай ләззат ала алмайды. Мысалы, сіз журналист болдыңыз және мақала жазғанды, шараларға барғанды ерекше жақсы көрдіңіз делік. Алайда соңғы уақытта осы нәрселер керісінше қажытып жіберетін болса, онда депрессия туралы ойлануға болады. Өкінішке орай, адам өзінің депрессияға шалдыққанын білмей жүре беруі мүмкін. Әсіресе, келесі белгілерге барынша мән берген жөн: көңіл-күйіңіздің түсуі, әлемде жалғыз қалып қойғандай күй кешу, әрекеттеріңіздің тым баяу немесе жылдам болуы, шешім қабылдай алмай қиналу», – дейді Әйгерім Жұмағұлова.

Әрі қарай психоанализ институтының студенті депрессияға шалдыққан емделушісінің суицид туралы ойы болғанын айтты. Яғни депрессияны уақытылы емдемесе, адам ақырында өзіне қол салуы мүмкін.

«Таңғы сағат 4-5 кезінде мазасызданып оянатын болдым. Әлеммен аздап байланыс жоғалтып алғандаймын. Сырт келбетіме күтім жасамай кеттім. Үй жинамадым, тамақ жасамадым. Үнемі жалғыз қалғым келе берді. Бірнеше айдан кейін төсектен тұрудан қалдым. Суицид туралы ойлар болды. Өзіме қол салудың тәсілдерін қарастыра бастадым. Бірде 9-қабаттың терезесінен төмен қарап тұрдым. Маған жер жап-жақын сияқты болып көрінді. 2-3 секунд өтсе болды сияқты көрінді. Бұдан басқа ешнәрсе сезінбедім» деп айтқан еді емделушілерімнің бірі. Суицидке адам жанына жара салған жанды жазалау үшін барады. Бұл клиентім ешкімнен қолдау таппай, шарасыз күйден осындай қадамға бармақ болған», – дейді Әйгерім Жұмағұлова.

«Үнемі айналасын «қыздырып» жүретін адамдар да депрессияға шалдыққан болуы мүмкін»

Маманның сөзін әріптесі Айгүл Хайдарова жалғады. Осы орайда, депрессияға шалдығып, алдына келген науқастың оқиғасын бөлісті.

«Расымен де, депрессияға шалдыққан адамның сыртқы ортаға деген қызығушылығы төмендейді. Оларды «тірі өлік» деп атауға болатын шығар. Бірде алдыма анасы көз жұмған науқас келді. Белгілі бір себептермен ішкі толғанысын сыртқа шығара алмаған екен. Мұның орнына бәрін ішке бұғып, анасының ескі заттарын жинай берген. Қоғаммен байланыстан ажырап қалған, ешкіммен сөйлескісі келмейді. Жаңа достары да жоқ. Мұны «психологиялық өлім» деп атауға болады. Ода апатия болды. Сондай-ақ, шектен тыс белсенді адамдардың да депрессияға шалдыққан болуы мүмкін екенін де ұмытпағанымыз жөн. Мысалы, үнемі әзілдесіп, күліп жүретін, барған ортасын қыздыра түсетін адамдар да осы ауруға шалдыққан болуы мүмкін», – дейді Айгүл Хайдарова.

Тағы бір психолог Сая Бақимова депрессияға шалдыққан және экстроверт адамдардың да ұқсастығы болатынын бөлісті. Осы орайда, мамандарға оларды шатастырып алмауға кеңес берді. Айтуынша, экстроверттер ашық әрі айналасындағылармен қарым-қатынасқа тез түседі.

«Көз алдыңызға шашы сап-сары, үнемі күліп, омырауын ашып, қысқа белдемше киетін аруды елестетіп көріңізші. Қозғалысы да, айтқан сөзі де шапшаң. Еріндегі бояу да қып-қызыл, той-томалақтан шықпайды. Бұл экстроверт емес, депрессиядағы адам болуы мүмкін. Жоғарыда әріптесім тізген депрессия белгілерінің ішінде «кінә сезімін» ерекше атап өткім келеді. Ол депрессияны анықтау кезіндегі басты белгі десек те болады. Мұнымен қатар, депрессияға шалдыққан адамның салмағы күрт төмендейді. Кемінде бес пайызға төмендеп кетуі мүмкін. Сондай-ақ, белгілердің ішіндегі ең қауіптісі – ұйқысыздық. Себебі, бұл психологиялық қана емес, физиологиялық денсаулығыңызға да кері әсерін тигізеді», – дейді Сая Бақимова.

Мұнымен қатар, мамандар депрессия кезінде сексуалдық белсенділіктің де төмендеп кететініне тоқталып, ұйқысыздық кезінде антидепрессанттар ішпеуге кеңес берді. Себебі, антидепрессанттар ұйықтауға көмектескенімен, өмірге деген қызығушылықты арттырмайды.

«Емдеу үшін депрессияға шалдықтыратын гормондардың бөлінуін тоқтату маңызды»

«Бүгінгі таңда депрессияны тек психоанализ емдей алады деп айтуға болады. Медицина мен ғылым әлі жете қоймады. Иә, антидепрессант ішуіңіз мүмкін, интернеттегі түрлі кеңесті тауып алып, спортпен шұғылданып, өзіңізді қинап қоғам қатарына қосылуға мәжбүрлеуге болады. Алайда проблеманың себебін жоймайынша, оның салдары да жойылмайды. Интернетте депрессияны емдеуге қатысты жазылып жүрген тәсілдер нейромедиатрлар жүріп өтетін нақты құрылған нейрондық байланыстарды табуға көмектесе алмайды.

Яғни депрессияға шалдықтартын гармондардың бөлінуін тоқтата алмайды. Ал психоанализ бүгінгі таңда сол нейрондық байланыстарды таба алатын ем түрі десек те болады. Депрессияның қас жауы – адамның өмірге деген шынайы ризашылығы мен алғысы. Дәл қазір отырып өмірде не нәрсеге ризашылық білдіретініңізді жазып көріңізші. Осының өзі емге алғашқы қадам болмақ», – дейді Қарлыға Бүйенбай.

Көптеген адам психоаналитик, психолог мамандардың емі қымбат болғандықтан, өзін бұлай емдей алмайтынын айтады. Мұндайды қаладағы тегін психологиялық көмек орталықтары мен Орталық Азиядағы психоанализ институтының студенттерінің көмегіне жүгінуге болады.

Тегтер: Депрессия
Бөлісу5ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Мұхтар Әблязов қорқады — Бас прокуратура

Келесі жаңалық

300 мың теңге пара алған: Қызылордалық шенеунікке 12 млн теңге айыппұл салынды

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
10
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
9
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
58
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
10
Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған
Денсаулық

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
2
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
194
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
300 мың теңге пара үшін: Қызылордалық шенеунікке 12 млн теңге айыппұл салынды

300 мың теңге пара алған: Қызылордалық шенеунікке 12 млн теңге айыппұл салынды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
194
Семейде қолында баласы бар әйелді ұрып-соққан ер адам видеоға түсіп қалды
Қылмыс

Семейде қолында баласы бар әйелді ұрып-соққан ер адам видеоға түсіп қалды

Ақпан 3, 2021
4.4k
Инспектор жігіттер алып қашып бара жатқан жас қызды құтқарып қалды
Әлем

Инспектор жігіттер алып қашып бара жатқан жас қызды құтқарып қалды

Ақпан 4, 2021
1.5k
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
58

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
10

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
9

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
58

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
10

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
47

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
2
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.