Жаңа жылдан бастап мүмкіндігі шектеулі жандар да басшы бола алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мүгедектерді мемлекеттік қызметке тарта бастайтынын мәлімдеді. Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, аталмыш тәжірибе бүкіл әлемде қолданылады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
«Аяқ-қолы кем болса да, жігері жасымаған жандарды 2020 жылдан бастап мамандығы мен қабілетіне қарай лауазымды қызметтерге орналастырамыз», – дейді министр.
«Премьерминистрдің келісімін алдық. Енді мүмкіндігі шектеулі жандарды мемлекеттік қызметке басшылық лауазымға тағайындаймыз. Мәселен, бұрынғы құрылысшы белгілі бір себеппен мүгедек болып қалса, оны құрылыс саласы бойынша департамент директоры сынды қызметке тағайындауға болады», – деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.