Шымкентте мұғалім әрі жалғызбасты ана кафеде ыдыс жууға мәжбүр, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Zamana сайтына сілтеме жасап.
Мұғалім үш баланың анасы, күйеуі жоқ. Ол жазғы демалысында кафеде ыдыс жуып, балаларын асырап жүр. Ал күндіз болса базарда жеміс сататын кездері де болады.
Лаураның айтуынша, оны базарда сауда істеп тұрған жерінен оқушылары мен олардың ата-анасы байқап қойған. Бірақ шарасыздан қосымша жұмыс істеуге мәжбүр. Өйткені балаларын жаңа оқу жылынп дайындау керек. Бұдан бөлек өз басында төлейтін несиесі бар екенін айтты.
«Күніне 3 мың теңге төлейді. Енді бүкіл мектеп пен ата-аналар білетін болды. Бірақ ол үшін еш қысылмаймын», – дейді мұғалім.