Бейсенбі, Қаңтар 21, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Оқиға Қылмыс

Ұлын Тұрсынбек Қабатовтың көлігі қағып өлтірген ана жанайқайын жеткізді

Қазан 7, 2020
Қылмыс, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Оқиға
Ұлын Тұрсынбек Қабатовтың көлігі қағып өлтірген ана жанайқайын жеткізді

Сурет: https://bnmusic.kz/

Поделиться на Facebook

Көлік қаққан марқұм 34 жастағы Ерлан Омарқұловтың анасы бір жылдан бері әділдікке қол жеткізе алмай жүргенін айтты. Әйелдің айтуынша, ұлын қағып өлтірген Lexus маркалы қара түсті көлік қазақстандық әзілкеш және КВН жұлдызы Тұрсынбек Қабатовқа тиесілі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы «Көкшетау Азия» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Дәджан Омарқұлованың сөзінше, оқиға 2019 жылғы 13 қазанда кешкі сағат 21:00 шамасында «Теміртау-Нұра-Нұр-Сұлтан» тас жолында, Қарағанды облысындағы Нұра ауданының аймағында болған. 34 жастағы Ерлан Омарқұловты көлік қағып, ер адам оқиға орнында қаза тапқан. Кейін қаза тапқан ер адамның туыстары марқұмды қағып кеткен қара Lexus-тың қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа тиесілі екенін білген.

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді

Елордада отағасы балдызын пышақтап, кейін әйелі мен өзін өлтірді

Марқұмның анасы көлік иесінің танымалдылығы іске әсер еткеніне сенімді. Оның үстіне, ол прокурорға жазған шағымында іс тіпті өрескел процессуалдық бұзушылықтармен тоқтатылғанын көрсетті. Прокурордың атына жазылған шағымда әйел адам тергеуші жәбірленуші тараптың қатысуынсыз тергеу амалдарын жүргізгенін мәлімдеді. Оның үстіне, ол прокуратураның келісімінсіз, қылмыстық істі тоқтату туралы шешімнің бекітілуін күтпестен, айғақтарды – ұлының заттары мен аяқкиімдерін мерзімінен бұрын жойып жібергенін айтады.

Қылмыстық іс материалдары бойынша, жол-көлік оқиғасы кезінде Тұрсынбек Қабатовтың көлігін 25 жастағы жігіт басқарған, ол оқиғаға дейін жүргізуші куәлігінен айырылған болып шықты. Жалғыз ұлынан айырылған Дәджан Омарқұлова неліктен көпшіліктің сүйікті өнер иесі әлі күнге дейін жазаға тартылмағанын түсінбейді. Өйткені оның айтуынша, іс материалдарында Тұрсынбек Қабатов өз көлігін сеніп тапсырған адамның куәлігінен айырылғанын білген және автокөлік құралының иесі ретінде жауап беруі тиіс.

Әйел адамның айтуынша, ұлының жол апаты кезінде жолдан өтіп бара жатқаны туралы жүргізушінің айтқан сөзі шындыққа мүлдем сәйкес келмейді. Істі тоқтату туралы шешімде тергеуші жаяу жүргіншіні жол ережесін бұзды деп айыптаған. Алайда әйел адам бұнымен мүлдем келіспейді. Марқұмның анасына өзіне ешкім жазбаша хабар бермегенін, ұлының заттарын алып кетуді айтпағанын жеткізді.

Осылайша, ол көлік құралы қағып кеткен кезде адамның тұрғанын немесе жүріп келе жатқанын анықтайтын аяқ киім бойынша сот сараптамасын жүргізу мүмкіндігінен айырғанын айтады. Дәджан Омарқұлова көптеген жарақат пен дененің 66 метрге ұшып кеткенін ескере отырып, элиталық жол талғамайтын көліктің аса қатты жылдамдықпен қозғалғанын болжауға болатынын алға тартты. Қазіргі уақытта прокуратура істі тергеуге Қарағанды облысының полиция департаментіне қайтарды. Әйел адам құқық қорғау органдары ұлының қазасының барлық мән-жайларын адал және ар-ұжданмен тексереді және қылмыскерлер, олардың атағына қарамастан, жазаланады деп үміттенеді.

Бұл жайтқа қатысты Қарағанды ​​облысының полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді. Департамент расымен де өткен жылдың 13 қазанында «Нұра-Нұр-Сұлтан» тас жолында Қарағанды ​​облысының Нұра ауданында болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс өндірісте болғанын хабарлады.

Тұрсынбек Қабатовтың атына тіркелген Lexus автокөлігімен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны қараңғыда Ерлан Омарқұловты қағып кетіп, ол алған жарақатынан сол жерде қайтыс болғаны анықталған.

«Тергеу барысында сараптама жүргізілді, оған сәйкес жүргізуші түнгі уақытта тас жолда келе жатқан жәбірленушіге соққы жасаудың алдын ала алмаған. Сонымен қатар, жол-көлік оқиғасы кезінде Lexus жүргізушісі мас емес, ал жәбірленуші орта деңгейдегі алкогольдік мас күйінде болғандығы анықталды. Тергеу нәтижелеріне сәйкес, қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды», – дейді Қарағанды ​​облысы бойынша Департаментінің тергеу бөлімінің бастығы Алмаз Саламатов.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды ұрлап, зорлады делінген күдікті Қарағанды ​​тергеу абақтысында өмірімен қош айтысты деген ақпарат пайда болды. Ақпаратқа Қарағанды ​​облысындағы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде түсініктеме берілді.

Айта кеткен жөн, 4 қазан күні Атырау-Ақтөбе тас жолында жантүршігерлік жол көлік апаты орын алды. Renault Duster мен Geely көліктерінің бетпе бет соқтығысуы салдарынан барлығы 9 адам оқиға орнында қаза болды.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Депутат Қазақстанда зейнет жасын төмендетуді ұсынды 

Келесі жаңалық

Жұмыс тапқанына қуанғаннан билеп жіберген үйі жоқ ару жұртты күлдірді (видео)

ҰқсасЖаңалықтар

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді
Өмір

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді

Қаңтар 20, 2021
9
Елордада отағасы балдызын пышақтап, кейін әйелі мен өзін өлтірді
Қылмыс

Елордада отағасы балдызын пышақтап, кейін әйелі мен өзін өлтірді

Қаңтар 20, 2021
8
Бәрі қыз үшін. Қарағандылық жігіт жыныс мүшесіз қалды
Қылмыс

Бәрі қыз үшін. Қарағандылық жігіт жыныс мүшесіз қалды

Қаңтар 20, 2021
36
Үйін тартып алғандарға күйінген әйел өзін өртемек болды
Әлем

Үйін тартып алғандарға күйінген әйел өзін өртемек болды

Қаңтар 20, 2021
168
Блинкен: Путиннің бір адамнан қорқатыны қызық
Қазақстан

Блинкен: Путиннің бір адамнан қорқатыны қызық

Қаңтар 20, 2021
8
Үйлер 510 теңгеден сатылып жатыр. Аласыз ба?
Әлем

Үйлер 510 теңгеден сатылып жатыр. Аласыз ба?

Қаңтар 19, 2021
267
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Жұмыс тапқанына қуанғаннан билеп жіберген үйі жоқ ару жұртты күлдірді (видео)

Жұмыс тапқанына қуанғаннан билеп жіберген үйі жоқ ару жұртты күлдірді (видео)

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
1.7k
Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды
Шоу-бизнес

Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды

Қаңтар 17, 2021
4.5k
«Тірі қалғысы келсе». Федеров Қазақстанның неге Ресейге қосылуы керегін айтты
Саясат

«Тірі қалғысы келсе». Федеров Қазақстанның неге Ресейге қосылуы керегін айтты

Қаңтар 11, 2021
2.4k
«Жылап та үлгермей жатырмын». Ер адам жерлеу рәсімінен кейін 16 туысынан айырылды
Қазақстан

«Жылап та үлгермей жатырмын». Ер адам жерлеу рәсімінен кейін 16 туысынан айырылды

Қаңтар 19, 2021
593

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді

Қаңтар 20, 2021
9

Елордада отағасы балдызын пышақтап, кейін әйелі мен өзін өлтірді

Қаңтар 20, 2021
8

Бәрі қыз үшін. Қарағандылық жігіт жыныс мүшесіз қалды

Қаңтар 20, 2021
36

Үйін тартып алғандарға күйінген әйел өзін өртемек болды

Қаңтар 20, 2021
168

Блинкен: Путиннің бір адамнан қорқатыны қызық

Қаңтар 20, 2021
8

Үйлер 510 теңгеден сатылып жатыр. Аласыз ба?

Қаңтар 19, 2021
267
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.