Алматы маңында ұшақ апаты болып, катастрофадан 12 адам қаза тапты. Осыған байланысты Тоқаев 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі.
Ұлттық аза тұту күнінде елордада орналасқан еліміздің ең үлкен туы төмен түсірілді.
Сурет Facebook-те жарияланды.
Ту 10 жыл бұрын ілінген болатын. Оның ауданы 450 шаршы метрден кем емес және салмағы жүз келіге жуық.
Еске сала кетсек, 27 желтоқсан күні Bek Air әуекомпаниясының ұшағы (Z9-2100) Алматыдан елордаға ұшуы керек болған. Бірақ Қызыл ту ауылы маңында апатқа ұшыраған. Ұшақтың үшініде 95 жолаушы болған.
Кейін ұшақ апатынан 12 адам қаза тапқаны белгілі болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына қатысты кінәлілер заңға сәйкес жазаланылатынын айтты.
Сонымен қатар, ұшақ апатынан қайтыс болғандардың арасында Генералдар кеңесінің төрағасы Рустем Хайдаров та бар.
Өкінішке орай, тағы бір танымал адам көз жұмды. Informburo.kz ақпараттық сайтының редакторы Дана Круглова да осы ұшақта болған. Әріптестері журналистің қаза тапқанын растады. Толығырақ оқыңыз.
Бұған қоса, Fokker 100 ұшағы 17 рет апатқа ұшырағаны белгілі болды. 1997 жылы қызметін тоқтатқан Fokker компаниясы 283 әуе кемесін шығарып үлгерген.
Fokker 100 – Нидерландтың Fokker компаниясының орта қашықтыққа арналған ұшағы. Алғаш рет 1986 жылы әуеге көтерілген. Тиімсіз менеджменттің кесірінен Fokker әуе компаниясы 1996 жылы банкрот болды. Ал 1997 жылы ұшақты шығару тоқтатылды. Толығырақ оқыңыз.