Нұр-Сұлтанда LRT ісі бойынша қалалық мәслихаттың хатшысы қамауға алынды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан әкімдігі басқармасының бұрынғы басшылары Р. Аманжолов, Ж. Нурпиисов және мердігерлік ұйымдардың үш басшысы қамауға алынды», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов брифинг барысында.
Перовтың мәліметінше, қамауға алынған Жанат Нұрпейісов Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы.
Ол 1961 жылы 16 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Сұлышоқ ауылында дүниеге келген. 1998-2016 жылдары Астана қаласы Қаржы басқармасы басшысы сияқты қызметтерді атқарған.
Айта кетейік, Елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Сұлтанбеков Astana LRT құрылысы кезінде ақша жымқырды деген күдікке алынып, іздейге жарияланды. Толығырақ оқыңыз.