Мэриленд штатының Толбот округінде әйел адам күйеуіне Жаңа жыл мерекесіне орай лоторея билетін сыйға тартты. Аталған сыйлықтың арқасында отбасы әп-сәтте байып шыға келді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
51 жастағы Дейдре Стоукс әдетте лоторея билетін жақын адамдарына сыйлық ретінде сатып алатынын айтады.
«Бұл жолы да билеттер алған едім», – дейді ол.
Көп ұзамай билеттен ұтыс шығып, отбасы 50 мың долларға ие болды.
«Күйеуім 50 мың доллар ұтып алғанымызды айтқан кезде ол әзілдеп тұрған болар деп ойладым. Тіпті, қателескен болар деген де ой келді. Шыны керек, мүлдем сене алмадым», – деді ол.
Оның айтуынша, ақшалай сыйлық олардың үлкен отбасыларына үлкен демалыстардан кейінгі бюджеттерін қайтаруға көмектеседі.