Лондонда Сазарк ауданындағы Корольдік сотта 28 жастағы Айсұлтан Назарбаевқа қатысты алдын ала сот тыңдалымы өтті. Қазақстанның тұңғыш президентінің немересі есірткілік заттың әсерінде полицейлерге қарсылық көрсетіп, олардың бірін ұрып, тістеп алған, деп хабарлайды Neonomad.kz BBC агенттігіне сілтеме жасап.
Назарбаевтың немересіне қатысты алдын ала сот тыңдалымы 4 шілдеден басталды. Тыңдалым баспасөз үшін ашық режимде өтіду. Айыпталушы әзірге қамақта, полиция қызметкерлеріне шабуыл жасағанын мойнына алмады.
«Айсұлтан Назарбаев сот залының ортасында орналасқан әйнек қабырғадан жасалған арнайы бөлмеде отырды. Отырыс барысында ол сөйлеген жоқ, оның тарапына да ешқандай сұрақтар қойылған жоқ», – деп жазады басылым.
Айыптаушы Грегор Маккинлидің айтуынша, Айсұлтан Назарбаев үстіміздегі жылдың 3 маусымында Лондон орталығында орналасқан қонақ үйлердің бірінде жанжал шығарды. Балконға шығып, төменге секіремін деп, өзіне қол жұмсайтынын айтып айғай шығарған.
5 маусымда қала орыталығындағы үйлердің бірінде осындай көрініс тағы қайталанған. Сол кезде көршілер полиция шақырыпты. Маккинлидің сөзінше, Назарбаев өзіне қол жұмсайтынын айтып, қоңырау бойынша келген Росс Самбрукқа шабуылдап, оны кеудесінен ұрып жіберіп, сол қолын тістеп алған. Өз кезегінде полицейлер электрошокер қолданыпты.
Кейін белгілі болғандай, полицияға «қазақстан білігінің өкілі» қоңырау шалып, Назарбаевтар отбасының абыройына дақ келтірмеу үшін жағдайды өзінше шешуді жоспарлаған. Осыны айтқан Маккинли қоңырау шалушының аты-жөнін айтпады. Бірақ полиция ұсынысты қабылдамаған.
Мемлекеттік айыптаушының ақпаратынша, Айсұлтан Назарбаев кокаин қабылдаған, сондықтан қатыгездік іс-әрекет танытқан. Қазақстанның бұрынғы президентінің немересінің төлқұжаты алынған. Ал Грегор Маккинли болса, айыпталушының жоғары дәрежелі отбасы дипломатиялық төлұқжат алып беріп, оны Ұлыбританиядан шығарып жіберуге тырысатынын соттың есіне салды. Сөйтіп, дейді ол, Назарбаев жауапкершіліктен құтылады. Маккинли бұған жол бермеуді сұрады.
Zakon.kz порталы Айсұлтан Назарбаевтың достарының біріне сілтеме жасап, оның 5 маусымда ешқандай шу шығармағанын айтқан. Оның таныс қызы аңдаусызда пәтерін сыртынан жауып қалып, артынша Айсұлтаннан пәтерге терезе арқылы кіріп, есігін ашып беруін сұраған. Мұны көршілері көріп, полиция шақырыпты. Ал полиция «түрі азиаттық» азаматқа дөрекілік танытқан екен.
Назарбаевтың қорғаушысы Алисдэйр Уильямсон алдын ала тыңдауда істің мәніне қатты кіріспеді. Тек клиентінің Ұлыбритания заңын құметтейтінін, жауапкершіліктен қашу туралы сөздер намысына тиетінін айтты.
Қорғаушысы Айсұлтан Назарбаевты 90 мың фунт (43 млн теңгеден аса) кепілмен босатуды ұсынып, оған шектеулермен өмір сүретін пәтерде болуына мүмкіндік беруін сұрады. Мысалы, ол күн сайын полицияға келіп белгіленуге міндеттеліп, үйінде түнейтін болады.
Судья Филипп Барбел 4 шілдеде өткен отырыста Назарбаевты кепілдікпен босатанын айтты, бірақ бір ғана шартпен: есірткіге тәуелділіктен құтылу үшін клиникаға жатуды айтты.
Енді Айсұлтан Назарбаев денсаулығына қатысты тексерілуден өтіп, клиникаға жату қажеттігін дәлелдейді. Болмаған жағдайда қамауда қалады.
Еске сала кетсек, Қазақстан Тұңғыш президентінің немересі Айсұлтан Назарбаев өзіне қол жұмсамақ болғанын жаздық. Ақпарат расталды. Белгілі болғандай, ол Ковент-Гарден ауданындағы белгісіз біреудің үйінде өмірімен қоштаспақ болыпты. Оны құтқарғысы келген полиция қызметкерін тістеп алған. Іс қылмыстық сотқа жіберілген болатын.