Ливан мен Иордания билігі теңіз кешеніндегі ереуілден зардап шеккен азаматтары қазір қауіпсіздікте деп, Қазақстаннан шығарып алып кетпек, деп хабарлайды Neonomad.kz «Новости» РИА сілтеме жасап.
Ливанның қауіпсіздік министрлігі Ильяс Бу-Сааб Қазақстан билігімен телефон арқылы сөйлесу барысында, болған оқиғаға алаңдаушылық білдіріп, қазақ жеріндегі Ливан диаспорасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуін талап еткен. Ливандық NNA агенттігінің мәліметінше, Бу-Сааб оқиғаны шешу үшін қажетті шаралардың қолға алынуын атап айтқан. Тілдесі барысында қазақстандық тарап, зардап шеккен Ливан азаматтардың ауруханадан шығарылғанын, қазір қаупсіздікте екенін жеткізді.
Ливанның Сыртқы істер министрлігі, Қазақстандағы елшілік билікпен, оқиға болған компанияның өкілдерімен және ливандық жұмысшылармен үнемі байланыста екенін айтты.
«Жұмысшыларды қауіпсіздікпен қамтамасыз етіп, Қазақстаннан шығып кетулері үшін қажетті құжаттарды дауындауға елшілік жәрдем беруде», – делінген ақпаратта.
MTV телеканалына берген сұқбатында Ливанның Қазақстандағы елшісі Жискар аль-Хури, зардап шеккен ливандықтардың ішінде ұсталғандар, не болмаса аса ауыр жарақат алғандардың жоқтығын айтты. Оның сөзінше, қазір қазақ елінен кеткісі келетіндер үшін рейс ұйымдастырылуда. Дүйсенбі күні болған оқиғаны талқылау үшін Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесетінін хабарлады.
Иорданияның Сыртқы істер министрі Айман Сафадидің ақпаратынша, қазір иорданиялық жүмысшылар қонақ үйде орналасқан, олардың қауіпсіздігі үшін күзет қойылғандыған. Сондай-ақ, Иордания елшісімен қазақстандық билік бірлігіп, оқиғаны бақылауға алатынын, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін тілге тиек етті. Сафадидің сөзінше, Иордания азаматы әрі компанияның директоры, жұмыс берушімен байланыс орнатылған.
Еске сала кетсек, 29 маусым күні Атыраудағы Теңіз мұнай кешенінде қазақстандықтар мен шетел азаматтарының арасында келіспеушілік орын алып, ереуіл болды. Салдарынан шетел азаматтары жарақат алған болатын.