Қытай елінің Гуанчжоу қаласында пойызда отырып қатты күліп жіберген әйелдің жағы шығып кетті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Live Science сайтына сілтеме жасап.
Қатты күліп жібергеннен кейін әйел аузын жауып, дұрыс сөйлей алмай қалған. Оған аталған пойызда отырған дәрігер Ло Вэньшэн көмектесті.
«Басында жүрек талмасына ұшыраған болар деп ойладым», – дейді ол.
Кейін дәрігер әйелдің жағы шығып кеткенін түсініп, оған ауруханаға баруға кеңес беріпті. Дәрігер бастапқыда өзінің бұл саланың маманы емес екенін айтса да, пойыздағылар оны әйелдің жағын салып беруге көндірген. Нәтижесінде маман үшінші реттен кейін әйелдің жағын орнына түсірді. Кейін ол әйелге міндетті түрде дәрігерге көрінуге кеңес берді.
Күйеуінің сөзінше, бұған дейін әйелі құсқан кезде жағын шығарып алған екен. Бұл жақ сүйегінің ойнамалы болу қатерін арттыруы мүмкін.