Сенбі, Қаңтар 23, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Оқиға Төтенше оқиғалар

«Өлгендер өзін қорғай алмайды»: Перуашев Bek Air-дің басшылығына шүйлікті

Қаңтар 29, 2020
Төтенше оқиғалар, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Оқиға
«Өлгендер өзін қорғай алмайды»: Перуашев Bek Air-дің басшылығына шүйлікті
Поделиться на Facebook

Мәжіліс депутаттары «Бек Эйр» компаниясынан құлаған ұшақтың жолаушыларына моралдық шығын ретінде өтемақы өндіріп алуды сұрап отыр. «Ақ жол» партиясының төменгі палатадағы фракциясы премьер-министр мен бас прокурорға осындай депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Мәжілісмен Азат Перуашевтің айтуынша, Bek Air басшылығының трагедиядан кейін үкіметтік комиссияның ресми қорытындысын күтпей, ел алдында апатқа қатысты өз болжамдарын жария етуі мүлде дұрыс болмаған. Компанияның бұл мәлімдемесін қоғамдық пікір мен тергеу барысына ықпал етуге ұмтылу деп бағалауға болады.

Адамдарға бақытты болу үшін қанша ақша керегі белгілі болды

Пойыздарда ауыз суға зиянды заттар қосатыны рас па?

«Адамдық және іскерлік этика тұрғысынан компания басшылығы алғашқы сәттен-ақ зардап шеккендердің жанынан табылып, шынымен көмек көрсетуі тиіс еді. Ауруханаларға түскен адамдардың хәлін сұрап, марқұмдардың отбасыларына баруы керек еді», – деді Перуашев.

Ол 13 адамның өмірі қиылып, көбі мүгедек болып қалғанын, ал олардың отбасылары асыраушысы мен үмітінен айырылғанын атап өтті.

«Құдай сақтасын, алайда бұл жағдайда кез келген жауапты компания тек заңды өтемақы ғана емес, сонымен бірге өздеріне пайда әкеліп отырған адамдарға өз еркімен қосымша қолдау көрсету мүмкіндігін қарастыруы тиіс еді», деді Перуашев.

Бірақ, депутаттың сөзінше, әуе компаниясы тарапынан заңды өтемақы да, басқа қолдау шаралары жасалмаған.

«Халық «Бек Эйр» компаниясының өкілдерін ауруханалардан да, марқұмдарды жерлеу рәсімінен де көрген жоқ. Компания баспасөз арқылы тек көңіл айтты. Құдды трагедияға еш қатысы жоқ бөтен тарап секілді. Кінәні тағы да сол көз жұмған ұшқыштарға арта салатындай көрінеді. Өлгендер өз-өзін қорғай алмайды. Бұл әділдік пе сонда?», – деп ашынды мәжілісмен.

Әуе тасымалдаушы жолаушыларға трагедиядан кейін тоқтатылған рейстер үшін билет ақшасын әлі қайтармаған.

«Үкіметтік комиссияның жұмыс істеп жатқанына бір ай болса да, «Бек Эйрдің» кінәлі қызметкерлеріне қатысты да, не басқа да жауапты тұлғаларға қатысты ақпарат жоқ. Ешкім кек алуды немесе кінәсіздерді жазалауды талап етіп отырған жоқ. Бірақ, ең болмағанда, осы әуе апатынан қаза тапқан азаматтарымызға қатысты әділдік болуы тиіс», – деді депутат.

Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясы «Бек Эйр» компаниясынан құлаған ұшақтың жолаушыларына моралдық шығын ретінде өтемақы өндіріп алуды сұрады. Сондай-ақ, өкілетті органдарға тоқтатылған рейстер үшін жолаушыларға билет ақшасын қайтаруды қамтамасыз етуді тапсыру керектігін, қоғамды трагедияға қатысы бар күдіктілерге қатысты шаралардан хабардар ету қажеттігін айтты.

Бұдан бөлек, парламент басшылығына тергеудің ресми қорытындысы бойынша елдегі ұшу қауіпсіздігінің жай-күйі туралы парламенттік тыңдау өткізу мәселесін қарастыруды ұсынды.

Алматыдағы ұшақ апаты

Трагедия 2019 жылдың 27 желтоқсанында таңғы сағат жетіде болды. Bek Air әуе компаниясының «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағытындағы Fokker 100 ұшағы Алматы маңына құлады.

Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат 12 адамның өмірін қиды, қаза болғандардың ішінде ұшақ командирі бар. Ал 28 қаңтарда екінші пилот Мейіржан Молдақұлов ауруханадан шыққаннан кейін бір жұмадан соң қайтыс болды.

Президент тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Үкіметтік комиссия апат себебінің алдын ала болжамын жариялады. Негізгі себеп – ұшақ сыртына мұздың қатып қалуы. Әуе кемесі тұрақта екі тәулік тұрған.

Тоқаев апаттың себебін анықтап, кінәлілерді қатаң жазалауды тапсырды.

28 желтоқсан елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болды.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Көшербаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды

Келесі жаңалық

Зейнетақы жинақтарын қандай жағдайда алуға болады

ҰқсасЖаңалықтар

Адамдарға бақытты болу үшін қанша ақша керегі белгілі болды
Өмір

Адамдарға бақытты болу үшін қанша ақша керегі белгілі болды

Қаңтар 22, 2021
10
Пойыздарда ауыз суға зиянды заттар қосатыны рас па?
Денсаулық

Пойыздарда ауыз суға зиянды заттар қосатыны рас па?

Қаңтар 22, 2021
9
Қазақстанға 40 градус аяз қайта оралады
Ауа райы

Қазақстанға 40 градус аяз қайта оралады

Қаңтар 22, 2021
7
Қазақ қызы «халал жезөкшеге» айналдыратын намазхан жігіттер туралы айтты (видео)
Қылмыс

Қазақ қызы «халал жезөкшеге» айналдыратын намазхан жігіттер туралы айтты (видео)

Қаңтар 22, 2021
126
Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын бірінші минутта сұлатып салды (видео)
Басты жаңалықтар

Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын бірінші минутта сұлатып салды (видео)

Қаңтар 22, 2021
137
«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты
Шоу-бизнес

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты

Қаңтар 21, 2021
269
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
«Лотореяға сенбеймін» деген отбасы 50 мың доллар ұтып алды

Зейнетақы жинақтарын қандай жағдайда алуға болады

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
1.3k
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
2.5k
«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
982
Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын бірінші минутта сұлатып салды (видео)
Басты жаңалықтар

Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын бірінші минутта сұлатып салды (видео)

Қаңтар 22, 2021
137

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Адамдарға бақытты болу үшін қанша ақша керегі белгілі болды

Қаңтар 22, 2021
10

Пойыздарда ауыз суға зиянды заттар қосатыны рас па?

Қаңтар 22, 2021
9

Шымкентте пара алудан медицина саласы көш бастап тұр

Қаңтар 22, 2021
2

Қазақстанға 40 градус аяз қайта оралады

Қаңтар 22, 2021
7

Қазақ қызы «халал жезөкшеге» айналдыратын намазхан жігіттер туралы айтты (видео)

Қаңтар 22, 2021
126

Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын бірінші минутта сұлатып салды (видео)

Қаңтар 22, 2021
137
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.