Қостанайда қымбат көлік мінген ер адам зейнеткерге шабуыл жасап, мұрнын сындырған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі «Алау» телеарнасына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, 69 жастағы Анатолий Шевцов өзінің автотұрағы маңына тоқтаған, ол алдымен жеңіл көлігіне тіркелген тіркемені ағытып алмақ болады. Сөйтіп жолды жауып қалады.
Сол кезде Lexus көлігі келе жатады. Шевцов оған жолдан өтуіне көмектесіп, белгі беріп тұрған. Жол талғамайтын көлік тар жолмен өткен, бірақ қарияны балағаттап, доқ көрсеткен. Зейнеткер де қалыс қалмай, оған сол күйінде жауап берген. Мұндайды ашуы көтермеген ер адам көлігінен шығып, қария шабуыл жасайды.
Шевцов қарсыласпақ болғанда ол тағы бірнеше қарымта соққы берген.
Салдарынан күдікті қарияның мұрнын сындырып, тісін түсірген. Сөйтіп көлігіне отырып, жүре берген. Зейнеткер полицияға шағым түсірді, бірақ полиция оның кім екенін әлі анықтаған жоқ.