Amazon корпорациясы басшысы Джефф Безостың бұрынғы әйелі Маккензи Скотт әлемдегі ең бай әйел атанды. Оның байлығы 68 миллиард долларға жетті. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жариялаған рейтингте айтылады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Скотттан кейін тізімде L’Oreal компаниясының иесі Франсуаза Бетанкур-Майерс келеді. Оның байлығы 66,8 миллиард долларға бағаланады.
Дереккөз мәліметінше, Джефф Безос пен Маккензи Скотт 2019 жылы ажырасқан. Bloomberg рейтингіне сәйкес, Безостың байлығы 207 миллиард долларға бағаланады.