Forbes журналының нұсқасы бойынша, Бернар Арно тағы да әлемдегі ең бай адам атанды. Ол Christian Dior, Louis Vuitton, Givenchy, Guerlain, Chaumet, Moët & Chandon және Hennessy сауда маркалары мен сәнді бұйымдар, киімдер шығаратын LVMH холдингінің иесі, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Amazon компаниясынікі 0,7 пайызға арзандаса, LVMH акциялары дәл осы көлемде өсті. Осының әсерінен әлемдегі ең бай миллиардер Джефф Безос 760 млрд долларға артта қалды. Ал бұған дейін екінші орында тұрған Бернар Арноның жағдайы 1,9 млрд долларға жақсырды. Яғни екі бизнесмен тізімдегі орындарын өзара ауыстырды.
2019 жылдың маусым айында Арноның жағдайы алғаш рет 100 млрд доллардан асты. Осы сәттен бастап LVMH 17 млрд долларға байыды. Өткен жылдың алғашқы жартысында Арно өмірінде бірінші рет әлемдегі ең бай адам атанған еді. Кейін Джефф Безостың жағдайы 115,6 млрд долларға жақсарып, атақты қайтарып алды.
Олардан өзге миллиардерлер рейтингінде алғашқы бестікке Microsoft негізін қалаған Билл Гейтс, Berkshire Hathaway холдингінің басшысы Уоррен Баффет және Facebook әлеуметтік желісін ашқан Марк Цукерберг кірді.