Сәрсенбі, Қаңтар 27, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Санаты жоқ

«Қожайын соққыға жығады»: Ресей азаматы Алматы облысында 20 жылдан бері құлдықта екенін айтты

Қараша 17, 2019
Санаты жоқ
«Қожайын соққыға жығады»: Ресей азаматы Алматы облысында 20 жылдан бері құлдықта екенін айтты
Поделиться на Facebook

Алматы облысында Ресей азаматы осынша уақыттан бері өзгенің малын бағып, үйін күзетумен келеді. Оған жалақы төлемейді, орнына азық-түлік пен киім-кешек береді екен. Қожайындарының айтқанын бұлжытпай орындамаса соққыға жығылады. Қолында құжаты жоқ азамат ешқайда кете алмайды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

«Я у милиционера живу, он у меня забрал, говорил, что мне новый паспорт сделает».

Сергей Тимохиннің құжатсыз жүргеніне 20 жылдың жүзі болған. Есік қаласының тумасы. 1990 жылдары Ресейге қоныс аударыпты. 2000 жылдары Қазақстанға қайтып келген кезінде құжатымды бір полиция қызметкері тартып алып, қойын бақтырып қойды, дейді. Қазір тау басындағы аңшылық шаруашылыққа тиесілі үйді күзетіп жүр екен. Сергейдің айтуынша, қожайындары жалақы төлемейді, бірақ, азық-түлік пен киім әкеліп беретін көрінеді. Егер айтқанын орындамаса оңдырмай сабайтынын айтады.

Көп адамға үй алуға көмектескен Дәулет Мұқаев енді балабақша салмақ

«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді

«Кейде ұрады оған өзім кінәлімін. Адамдар өткенде көреді басым жарылып, бет-ауызым көк ала қойда болып жүргенін. Рұқсатсыз көлікті кіргізгенім үшін соққыға жығады», – дейді Сергей Тимохин.

Айтуынша, туыстары мен қызы ресейдің Красноярск өңірінде тұрады екен. Соңғы рет 20 жыл бұрын көріпті. Қазір туыстарын сағынғанымен қолында не құжаты, не ақшасы жоқ. Қожайындары бұл жердан алысқа ұзауға тиым салған.

Сергейдің таудың басында тұрып жатқанына оншақты жылдың жүзі болған. Мұнда не интернет, не телефон байланысы жоқ. Оның жалғыз ермегі қысқа отын-су дайындап, мына екі итіне қарау.

Ал, шаруашылық қожайыны танымал психолог болып шықты. Ол Сергейдің құдасы көрінеді. «Тұратын жері болмаған соң өзі сұранды, жанымыз ашығандықтан алған болатынбыз. Бірақ жалақы туралы әңгіме болған жоқ», дейді. Оны мәжбүрлеп ұстап, ұрып-соққан емеспіз деп ақталды. Орманшы немесе қарағайшылармен ілесіп кетуіне мүмкіндігі бар деп отыр. Ал жеті жылдан бері не себепті құжаттарын рәсімдеп бермегенін түсіндіре алмады.

«Біз оған паспорт аламыз деп ойладық. Екіншіден аңшылық шаруашылықты сатамыз деп ойладық. Сонымен айналып жүріп уақыт оздырып алдық. Артынан қалай болғанын өзіміз де түсінбей қалдық», – деді аңшылық шаруашылықтың директоры Виктор Гребенников.

Сергейдің біраз жылдан бері аңшылық шаруашылықта жүргенін естіген облыстық полиция басшысы оны өзі жеке қабылдап, тиісті басқармаларға мән-жайды жіті тексеріп, құжаттарын жөнге келтіруді тапсырған.

«Тергеу және криминалды полиция басқармаларының басшыларына, аталған азамат арызданған жағдайда, тиісті қылмыстық өндіріс қозғау, және сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу туралы тапсырма берілді. Егер, сол азаматтың, қандай да бір еңбекке, өзінің еркінен тыс тартылған жағдай анықталса, тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады», – деді облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Серік Үпиев.

Егер Сергей 20 жылдан бері өзін еңбекке жеккен азаматтардың үстінен шағым түсіретін болса , полиция тиісті шара қолданбақ. Әзірге ол тек өзін мәжбүрлеп қой бақтырған көліктегі полиция қызметкерінің үстінен арыз жазуды көздеуде. ҰТ. Мәди Оразалиев Алматы облысынан.

Бөлісу23ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Құмар ойыннан ұтылып қалған еркек жеңімпазға өз әйелін бірген

Келесі жаңалық

Атыраулық аналар мемлекеттен алған көмек ақшаны қайтаруға мәжбүр

ҰқсасЖаңалықтар

Шымкентте пара алудан медицина саласы көш бастап тұр
Санаты жоқ

Шымкентте пара алудан медицина саласы көш бастап тұр

Қаңтар 22, 2021
5
Байден қызметіне кірісе сала Трамптың бірқатар шешімдерінің күшін жойды
Санаты жоқ

Байден қызметіне кірісе сала Трамптың бірқатар шешімдерінің күшін жойды

Қаңтар 21, 2021
18
«Тұншығып қалса ше?». Елордалық әкенің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты (видео)
Санаты жоқ

«Тұншығып қалса ше?». Елордалық әкенің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Қаңтар 21, 2021
230
«Бейбітшілік пен келісім бірінші орында». Балықтыда тыл еңбеккерімен кездесу өтті
Сайлау 2021

«Бейбітшілік пен келісім бірінші орында». Балықтыда тыл еңбеккерімен кездесу өтті

Желтоқсан 29, 2020
79
Алматыда жаңа жыл кештері мен отырыстарын өткізуге тыйым салынды
Санаты жоқ

Алматыда жаңа жыл кештері мен отырыстарын өткізуге тыйым салынды

Желтоқсан 10, 2020
0
Аяқпен теуіп, жұдырық ала жүгірді: Ермұрат Бапи отандық бағдарламада төбелес шығарды (видео)
Басты жаңалықтар

Аяқпен теуіп, жұдырық ала жүгірді: Ермұрат Бапи отандық бағдарламада төбелес шығарды (видео)

Желтоқсан 4, 2020
297
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Атыраулық аналар мемлекеттен алған көмек ақшаны қайтаруға мәжбүр

Атыраулық аналар мемлекеттен алған көмек ақшаны қайтаруға мәжбүр

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды
Қылмыс

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды

Қаңтар 25, 2021
2.3k
«Анам «барып жат» деді»: 19 жастағы қыз өзін 8 жыл зорлаған әкесінен жүкті болып қалды
Басты жаңалықтар

«Анам «барып жат» деді»: 19 жастағы қыз өзін 8 жыл зорлаған әкесінен жүкті болып қалды

Тамыз 26, 2019
5k
«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді
Өмір

«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді

Қаңтар 26, 2021
445
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
3.3k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көп адамға үй алуға көмектескен Дәулет Мұқаев енді балабақша салмақ

Қаңтар 26, 2021
57

«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді

Қаңтар 26, 2021
445

Шымкентте мүгедек қыз интернатқа келмей тұрып пәк болған

Қаңтар 26, 2021
21

Елге қатаң карантин қайта оралуы мүмкін

Қаңтар 26, 2021
20

Ермахан Ибраимов: Халыққа қарсы шықпауым керек еді

Қаңтар 26, 2021
349

Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті

Қаңтар 25, 2021
56
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.