Бейсенбі, Сәуір 15, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Құлаған ұшаққа мінбей қалған астаналық апат болған кезде намаз оқып жатқан

Желтоқсан 28, 2019
Төтенше оқиғалар, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Оқиға
qaz.neonomad.kz

Сурет Бауыржан Саменнің жеке архивінен алынды

Поделиться на Facebook

Алматыдан елордаға ұшу керек болған 31 жастағы кәсіпкер соңғы уақытта ұшудан бас тартады. Сөйтіп апат болған сәтте ол намаз оқып жатқанын айтты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. 

31 жастағы елорда тұрғыны Бауыржан Самен көлік тұрағын және көлікті жалға беру саласында жұмыс істейді. Екі әріптесімен сенбі күні Алматыға келген ол 27 желтоқсанда астанаға кері қайтуы керек болған. Қолдарында «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағытындағы Bek Air ұшағына билеттері бар. Алайда жұмыстарын бітіре алмаған жас кәсіпкер Алматыда кідіруге шешім қабылдайды.

Алматы қаласында карантин жеңілдетіледі

Алматы қаласында карантин күшейтілді

«Алматыдағы жұмыстарым біткен жоқ. Бүгін билетті айырбастаймын деген ой болған. Bek Air компаниясына хабарластым. Олар ұшаққа отырмаған жағдайда билетімнің қайтарылмайтынын, оның жарамсыз болып қалатынын айтты. Жаңа жыл қарсаңында билеттің арзан емес екені белгілі. Соған қарамастан шаруаларымды бітіріп алайын деген шешімге келдім. Осылайша, ұшаққа отыру туралы ойымнан бас тарттым», – дейді Бауыржан Самен.

Бауыржанның екі әріптесі де осындай шешім қабылдап, ұшаққа отырмағанын айтты.

27 желтоқсан күні таңғы сағат 07.22 кезінде Алматы маңында Bek Air компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Осы уақытта Бауыржан таңғы намазын оқып жатыпты. Ол қайғылы жағдайды жаңалықтардан естіп, абдырап қалған.

«Бұл ұшаққа мен де отыруым қажет болған. Біздің тікұшақ, біздің рейс, біздің уақыт, оны мен тексердім. Жаңалықты өте ауыр қабылдадым, көңіл-күйім толқып кетті. Алла сақтады, оған күмәнім жоқ. Қаза тапқан адамдардың ішінде мен де болуым мүмкін еді. Мені қойшы, ата-анам, туған-туыстарым қайғырады ғой. Бұл жаңалық оларға ауыр тиері анық. Достарым мені Алланың қолдағанын, оның маған жоспары бар екенін, екінші туған күнімнің пайда болғанын айтты, – дейді жеке кәсіпкер ағынан жарылып.

Ұлы отыруы керек болған ұшақ апат болғанын жаңалықтардан естіген анасының жүрегі ауырып қалған.

«Кейін кішігірім құран оқытып, садақа бердім. Апаттан қаза тапқандардың отбасының қайғысына ортақпын. Оларға құдай күш-қуат берсін. Барлығы жақсы болсын деп тілейік», – деді ол.

qaz.neonomad.kz
Сурет Алматы Халықаралық әуежайының баспасөз қызметінен алынды

Еске сала кетсек, 27 желтоқсан күні Bek Air әуекомпаниясының ұшағы (Z9-2100) Алматыдан елордаға ұшуы керек болған. Бірақ Қызыл ту ауылы маңында апатқа ұшыраған. Ұшақтың үшініде 95 жолаушы болған.

Кейін ұшақ апатынан 12 адам қаза тапқаны белгілі болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына қатысты кінәлілер заңға сәйкес жазаланылатынын айтты.

Сонымен қатар, ұшақ апатынан қайтыс болғандардың арасында Генералдар кеңесінің төрағасы Рустем Хайдаров та бар.

Өкінішке орай, тағы бір танымал адам көз жұмды. Informburo.kz ақпараттық сайтының редакторы Дана Круглова да осы ұшақта болған. Әріптестері журналистің қаза тапқанын растады. Толығырақ оқыңыз.

Тоқаев 28 желтоқсан күнін жалпыұлттық азалы күн деп жариялады.

Тегтер: АлматыҚазақстан жаңалықтарыұшақ апаты
Бөлісу588ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Еркелігін көтермеген өгей әкесі кішкентай баланы ұрып өлтірді: Сот үкімі шықты

Келесі жаңалық

Апат орнынан сәбиді алып шыққан полицей оқиғаның мән-жайын айтып берді

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
854
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
813
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
958
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k
Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған
Денсаулық

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
59
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
378
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Апат орнынан сәбиді алып шыққан полицей оқиғаның мән-жайын айтып берді

Апат орнынан сәбиді алып шыққан полицей оқиғаның мән-жайын айтып берді

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
958
Цифрлық технологиялар өмір сүру деңгейін жақсартады
Технологиялар

Цифрлық технологиялар өмір сүру деңгейін жақсартады

Мамыр 19, 2020
945
Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
854

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
854

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
813

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
958

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
134

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
59
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.