Талдықорғанда ер азамат қызғаныштан әйелін пышақтап тастады, деп хабарлайды Neonomad.kz полиция Департаментіне сілтеме жасап.
Талдықорған тұрғыны әйелін өлтіріп, оның денесін ауласындағы жертөледе сақтаған. Күдіктінің сөзінше, «әйелі көзіне шөп салған». Сондықтан оны пышақтап тастаған.
Тексері барысында күдікті полицияға барлық айғақ зат пен мәйіттің қайда жатқанын көрсеткен. Ер азаматтың айтуынша, марқұм алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмған. Қылмысын жасырғысы келген күдікті денені жасырудың жолын іздеп, тіпті көмекке досын шақырады. Сөйтіп екеуі марқұмның денесін ауладағы жертөлеге тастайды.
«Айтпай кетіп қалатынды шығарды. Қашып жүрді. Көзіме шөп салды. Оны іздедім, қайда екенін айтпады», – дейді күдікті.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 99-бабы, 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінге тергеп-тексеру басталды.
«Қазіргі кезде осы дерек бойынша тиісті сараптамалар дайындалып жатыр. Сараптама қорытындысы дайын болған соң нақты процессуалдық шешім қабылданады», – дейді ол.
Еске сала кетсек, Оқиға 12 шілде күні болған. Ерлі-зайыптылар жалдамалы пәтерде тұрады екен. Екеуінің арасында жанжал шығып, ашуға берілген күйеуі 42 жастағы әйелін пышақтап тастаған. Күдікті ас пышағын қолданыпты.