Павлодарда құрамында наркотикалық зат бар дәріні сатқаны үшін дәріхана қызметкеріне үлкен сомада айыппұл салында, деп хабарлайды Neonomad.kz Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дәрі-дәрмекті заңсыз сату фактісі маусымның 17 мен 21-аралығында өткен «Допинг» шұғыл-профилактикалық шарада анықталды. Шара аясында наркобизнеспен күрес бөлімінің қызметкерлері емдеу және медициналық мекемелер, дәріханалар және құрамында наркотикалық заттар бар дәрілерді сату бойынша ұйымдарды тексереді.
«Құқық қорғау органдарының қызметкерлері дәріханалардың бірінде «Тропикамид*» 1,0 % (10 мл)» дәрісінің екі флаконын сатқан дәріхана қызметкерін ұстады», -делінген забарламада.
Павлодардың әкімшілік соты дәріні рецептіз сатқан қызметкерге 481 мың 100 теңге (1 мың 253 доллар) айыппұл салды.