Бұл жылы бағдарламашылардың әрекеті шектен шыққан сияқты. Себебі, DeepNude қосымшасы кез келген әйелді түгелдей «шешіндіреді». Осы орайда құқық қорғаушылар дабыл қағып жатыр, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Есімін жасырған бағдарламашы кез келген әйелді тыржалаңаш көруге мүмкіндік беретін қосымша ойлап шығарды. DeepNude атты қосымшаны қолдану үшін 50 доллар қажет. Сондай-ақ, аталған қосымшаның купальниктегі қыздарды «жақсырақ шешіндіретіні» белгілі болды.
Қосымша негізінен қыз-келіншек қауымын шешіндіруге арналған. Егер ер адамның суретін жүктейтін болсаңыз, оның жыныс мүшелері әйелдікіне ауысады. Барлық процесс бірнеше минутты ғана алады.
DeepNude құрушысы рентген көзілдіріктерінен шабыт алатынын айтты.
«Мен дұрыс жасап жатырмын ба? Мұны фотошоптың да көмегімен жасауға болады ғой. Бірақ біздегідей 30 секунд емес, бірнеше сағат кетеді. Жалпы бұл күлкілі эксперимент. Егер біреудің жаман ниеті болса, менің бұған қатысым жоқ», – деді ол.