Жұма, Наурыз 5, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Күннің суығына қарамай: Жанболат Ағаділді ақтық сапарға шығарып салуға 200-ден астам адам жиналды

Қараша 13, 2020
Өмір, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Күннің суығына қарамай: Жанболат Ағаділді ақтық сапарға шығарып салуға 200-ден астам адам жиналды

Сурет: Өркен Жоямерген

Поделиться на Facebook

«Полицейлер үйіңе жібереміз деп видео түсірткен, кінәсін мойындамайды»: Жанболат Ағаділді өлтірді деген күдіктінің адвокаты

«Сен менің барымсың»: Жанболат өзінің сүйіктісін әсерлі құттықтады

13 қарашада Ақмола облысы Талапкер ауылында бірнеше күн бұрын астана маңындағы Көктал ықшам ауданында төбелес кезінде пышақ жарақатын алып, мерт болған 17 жастағы Жанболат Ағаділді ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.

Жерлеу рәсіміне ауа райының суық болғанына қарамастан 200-ден астам адам келіп қатысты. Басқа аймақтардан келгендер де бар.

Жерлеу рәсімі кезінде сөйлеген қоғам белсендісі Балташ Тұрсымбаев «Қазақ халқы елін, жерін сүйген ұлдарынан айырылып жатыр. Оның себебі тереңде жатыр. Себеп – қандықол, ұры биліктің әрекеті» деді.

Қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбайұлы: «Бұл ауыр қаза. Бірнеше күн бұрын ғана осы жерде Жанболатпен кездескен едім. Әкесінің басына ескерткіш тақта орнату үшін жиналғанбыз. Ұстамды, сабырлы, арлы бала. Кез келген төбелеске кірісе кететін бала емес. Сол себепті ресми мәліметке сенбеймін» деді.

Жанболат Ағаділ – биыл ақпан айында Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында жұмбақ жағдайда қаза болған азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің ұлы. Кіші Ағаділдің өлімі туралы хабардан кейін бірнеше қалада белсенділер биліктен әкелі-балалы Ағаділдердің өлімін ашық тергеуді талап еткен.

13 қарашада күндіз Ақмола облысында Ағаділді жерлеу рәсімі өтіп жатқан кезде Алматы қаласында белсенділер Шоқан Уәлиханов атындағы алаңға келіп, әкелі-балалы Ағаділдердің өліміне билікті кінәлады. Елде белсенділерді қудалау әлі де жалғасып жатқанын айтты.

Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасының өкілі Айдар Есенбеков және қала прокуратурасының өкілі Жандарбек Сұлтанбеков «шараның заңсыз» екенін айтып ескерту жасады. Бірақ белсенділер «бұл митинг емес, қаралы жиын» деп тараудан бас тартты.

Полиция 10 қараша күнгі төбелеске байланысты «Адам өлтіру» және «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. 12 қарашада ішкі істер министрлігі адам өлтіруге қатысы бар күдіктілер ұсталды деп хабарлаған.

Төбелестің нақты неден шыққаны айтылмайды. Полицияның ақпаратынша, Талапкер ауылының 20 шақты жігіті Көктал ықшам ауданында тұратын кәсіпорын жұмысшыларына «мәселені шешу үшін» барған. Марқұмның жақындары осыған дейін Азаттыққа Жанболат Ағаділдің үш жерден – шынтақ тұсы, қабырғасы және жүрегінен пышақ жарақатын алып, мерт болғанын айтқан.

Ақпан айында Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында жұмбақ жағдайда көз жұмған Дулат Ағаділ өлімінен кейін Қазақстан қалаларында наразылық шаралары өтіп, оған қатысқандар белсендінің өліміне билікті айыптаған. ІІМ «Ағаділ жүрек талмасынан қайтыс болды» деп мәлімдеген. Марқұмның туыстары биліктің нұсқасына күдік келтіріп, ашық тергеуді талап еткен.Ал прокуратура белсенді өлімінен кейін ашылған қылмыстық істі жапқан.

Тегтер: ақтық сапарға шығарып салуЖанболатЖанболат Ағаділжерлеужерлеу рәсімікүн
БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

13 жасар оқушы анасын өлтіріп тастады: Полицейлер келгенде тамақ пісіріп жүрген

Келесі жаңалық

15 жастағы қызды зорлап жатқан: Жетпісті алқымдаған депутаттың әрекеті жұрттың жағасын ұстатты

ҰқсасЖаңалықтар

Жаңаөзен тұрғыны жұмысқа тұрғызуға уәде берген алаяққа 4 млн теңге берген
Басты жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда ер адам бастығынан тірі анасын «жерлеуге» ақша сұраған

Наурыз 4, 2021
158
Үндістанда екі басты дені сау бала өмірге келді
Әлем

Үндістанда екі басты дені сау бала өмірге келді

Наурыз 4, 2021
80
Жоғары қабаттан құлаған қызды құтқарып қалған Павлодар тұрғыны марапатталды
Қазақстан

Жоғары қабаттан құлаған қызды құтқарып қалған Павлодар тұрғыны марапатталды

Наурыз 4, 2021
19
«Банктерден қаржы жымқыру ісі»: Тілеубаев пен Ертаев 9 жылға сотталды
Қазақстан

«Банктерден қаржы жымқыру ісі»: Тілеубаев пен Ертаев 9 жылға сотталды

Наурыз 4, 2021
12
АҚШ ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Қытай басты қарсылас ретінде аталды
Әлем

АҚШ ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Қытай басты қарсылас ретінде аталды

Наурыз 4, 2021
4
Ақмола облысында екі шахтер тас астында қалып қойды
Басты жаңалықтар

Ақмола облысында екі шахтер тас астында қалып қойды

Наурыз 4, 2021
7
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
15 жастағы қызды зорлап жатқан: Жетпісті алқымдаған депутаттың әрекеті жұрттың жағасын ұстатты

15 жастағы қызды зорлап жатқан: Жетпісті алқымдаған депутаттың әрекеті жұрттың жағасын ұстатты

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Жасөспірім қыз өзін туған әкесі зорлап келгенін айтып шағымданды
Басты жаңалықтар

Балқашта полицей 14 жасар қызды асқан айуандықпен зорлап тастады

Наурыз 4, 2021
318
Қыз-келіншектерді сексуалдық құлдыққа тартты деген күдікпен әйелі ұсталды
Басты жаңалықтар

«Дарға асуға дейін барды»: Атыраулық әйел 10 жыл бойы күйеуінен көрген қорлығы туралы айтты

Наурыз 4, 2021
207
Жаңаөзен тұрғыны жұмысқа тұрғызуға уәде берген алаяққа 4 млн теңге берген
Басты жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда ер адам бастығынан тірі анасын «жерлеуге» ақша сұраған

Наурыз 4, 2021
158
Алматы перзентханасында үшінші сәбиін босанып жатқан әйел көз жұмды
Басты жаңалықтар

Алматы перзентханасында үшінші сәбиін босанып жатқан әйел көз жұмды

Наурыз 4, 2021
122

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстанда ер адам бастығынан тірі анасын «жерлеуге» ақша сұраған

Наурыз 4, 2021
158

Үндістанда екі басты дені сау бала өмірге келді

Наурыз 4, 2021
80

Жоғары қабаттан құлаған қызды құтқарып қалған Павлодар тұрғыны марапатталды

Наурыз 4, 2021
19

«Банктерден қаржы жымқыру ісі»: Тілеубаев пен Ертаев 9 жылға сотталды

Наурыз 4, 2021
12

АҚШ ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Қытай басты қарсылас ретінде аталды

Наурыз 4, 2021
4

Ақмола облысында екі шахтер тас астында қалып қойды

Наурыз 4, 2021
7
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.